«Егер сендердің біреуің әйелімен жақындасуды қаласа: “Бисмилләһ! Уа, Аллаһ! Бізді шайтаннан сақта, әрі бізге нәсіп етекеніңді де шайтаннан қорға”, – деп айтса, сол жақындасудан бала тағдыр етілсе, оған шайтан ешқашан зиян тигізе алмайды».
Ибн Аббас риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер сендердің біреуің әйелімен жақындасуды қаласа: “Бисмилләһ! Уа, Аллаһ! Бізді шайтаннан сақта, әрі бізге нәсіп етекеніңді де шайтаннан қорға”, – деп айтса, сол жақындасудан бала тағдыр етілсе, оған шайтан ешқашан зиян тигізе алмайды». Хадисте Бухари мен Мүслім риуаят етті.
Қазақша транскрипция: «Бисмилләһ, Аллуһуммә джәннибнә шәйтанә уә джәнниби шәйтанә мә разәқтәнә».
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2416) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Егер сендердің біреуің әйелімен) немесе күңімен (жақындасуды қаласа) яғни, жыныстық қатынас жасауды ниет етсе: (“Бисмилләһ) яғни, Аллаһтың көмегіне сүйеніп, Оның есімін еске ала отырып! (Уа, Аллаһ! Бізді шайтаннан сақта) яғни, бізді одан қорға, алыстат.
Ибн Хажар мұны «мені де, әйелімді де шайтаннан алыстат» деп түсіндіреді, (әрі бізге нәсіп етекеніңді де шайтаннан қорға”) яғни, сол сәтте тағдыр етілетін баланы ( – деп айтса сол жақындасудан бала тағдыр етілсе) яғни, сол уақытта немесе сол жақындасудың себебімен бала көтерсе, (оған шайтан) яғни, шайтандардың бірі, немесе жын-шайтандар мен адам шайтандары (ешқашан) бұл сөз баланың ұрығы жатырда пайда болған сәттің басында Аллаһтың есімі айтылуының берекетімен, оның ақыретінің жақсы болуына ишара етеді (зиян тигізе алмайды») яғни, баланың дініне зиян келтіре алмайды.
Мұндағы «зиян» күпірлікке, иманнан айыруға қатысты. Сондықтан: «Кейде бұл дұға айтылса да, бала шайтанның азғыруынан толық қорғалмайды» деген уәж бұл мағынаға қайшы келмейді (яғни, хадситегі «оған шайтан ешқашан зиян тигізе алмайды» деген сөз баланың өмір бойы шайтанның барлық азғыруларынан толық аман болады дегенді білдірмейді).
Сонымен қатар, мұны жалпы мағынада да түсіндіруге болады: бұл дұғаны ықыласпен айтқан адамға, немесе дұғаның қабыл болу шарттарын орындаған кісіге қатысты, немесе шайтан ол балаға жындану, сары ауру (эпилепсия) сияқты дерттермен зиян тигізе алмайды деп те түсіндірілген».