October 16

Уаһабилердің Осман халифатына жасаған опасыздығы

Бұл қолжазба пәтуа болып табылады (қолжазба скриндері жазбаның астында келтірілген):

Бұл уаһаби қозғалысының негізін қалаушы Мухаммад бин Абдул-Уаһабтың немересі және уаһабилік қлзғалыстың ең үлкен шейхы болып табылатын Мухаммад бин Абдул-Латиф бин Абдур-Рахман бин Хасан бин Мухаммад бин Абдул-Уаһабтың пікірі. Бұл пікір һиджраның 1334 жылы жазылған, григорианның 1916 жылына сәйкес келеді, және бұл пікір оның ең маңызды шейхтары болып саналатын Суләйман ибн Сахманның пәтуасына негізделген. Уаһабилік Суләйман ибн Сахман 1914-1918 жыл аралығында болған бірінші дүниежүзілік соғыстағы Осман халифаты мен Еуропа арасында болған соғыс туралы сұралды. Мухаммад бин Абдул-Латиф былай дейді: «Мен ізгі, зиялы, жазушы, серігіміз, ғұлама, ғалым, білімде теңіз, сөзге шешен шейх Суләйман ибн Сахманнан «Түрік мемлекеті мен христиан мемлекетенің (яғни, Еуропаның) арасында қандай айырмашылық бар (Аллаһу Тағала олардың барлығын лағынет етсін)?» деген сұраққа не деп жауап береді екен деп ойладым. Ол (Суләйман ибн Сахман) дұрыс және тура жауап берді: «(Осман халифатының]) күпірлігі, қылмысы және зияны христиандардан асып түседі! Өйткені діннен шыққан муптадтың күпірлігі асылы кәпір болған кәпірлерден де асып түседі! Бұл Құран және Пайғамбар сүннетінен белгілі... Өйткені кім әділдік көзімен қарап, озбырлықтан ада болса, бұл (Осман) мемлекетінің зияны мен күпірлігі христиандардан асып түсетінін білу керек ...».

Ал пәтуаға келер болсақ, бұл кісі уаһабилердің ең маңызды шейхтарының бірі болып табылатын Суләйман бин Сахман Муслих бин Хамдан әл-Хәсғәмидің пәтуәсі. Бұл пәтуа мына сұраққа байланысты берілген жауап: «Аллаһ сізге ұзақ өмір берсін Шейх! Осман мемлекеті мен христиан (Еуропа) мемлекетінің, барлығына Аллаһтың лағынеті болсын, қайсысының күпірлігі үлкен? (Болып жатқан соғыста) екі тараптың қайсысы жеңу керек?»

Сулейман ибн Сахманның жауабы Осман халифатын күпірлікке шығару, оларды өлтіру, оларға қарсы соғысудың рұқсат етілгендігі және тіпті кейде Осман халифатын батинит нусайрийәға, кейде римдіктерге қарсы соғысқан пұтқа табынушы парсылардың жеңілісіне қуанған сахабалар секілді, Еуропаның бірінші дүниежүзілік соғыста Османларды жеңгеніне қуану керек деген сияқты сөздерді қамтиды. Және дәл сондай пәтуаны Абдуллаһ Әл-Рубаи Сулейман бин Сахманның кезінде берген (һиджраның 1333 жылы, яғни (1914-1915) жылдар аралығында). Яғни, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде. Енді пәтуаның өзін көрейік:

«Біліңдер, Аллаһу Тағала сізге жәрдем берсін, бұл қарғыс атқыр Осман елінің күпірлігі, яһудилер мен христиандардың күпірлігінен ауыр және Ислам мен мұсылмандарға христиандарға қарағанда әлдеқайда зиянды, өйткені олар (Осман елі) діннен шыққан муртадтар. Исламнан, діннен шыққанның күпірлігі асылы кәпір болған кәпірдің күпірлігінен ауыр, өйткені бұған бұлтартпас дәлелдер мен айқын дәлелдер көрсетеді... Сондықтан иманнан кейін діннен шығып, күпірлікке түскендерді өлтіруді қажет етеді... Айтпақшы, бұл үмметтің діннен шыққан муртадтардың күпірліктері яһудилер мен христиандардан да ауырырақ, сол үшін олардың сойған малын жеуге болмайды, ал христиан мен яһудейлердің сойған малын жеуге болады және Шейхул-ислам ибн Тәймияның нусаийрия туралы айтқан сөздерінен белгілі болғандай, муртад түрік сарбаздары мен басқалардың күпірлігі христиан мен яһудейлерден де асып түскені даусыз... Екі тараптың (яғни, Осман халифаты мен Еуропалықтар) бірі жеңіске жету мәселесіне келсек, шейхул-Ислам Ибн Тәймия, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын: {Әлиф. Ләм. Мим. Румдықтар жеңіліс тапты. (Арабстанға) ең жақын жерде жеңіліс тапты. Алайда олар осы жеңілістен кейін жеңіс табады. Бірнеше жылдан кейін жеңіске жетеді. Әо істің һәм әр оқиғаның алдында да, соңында да бар билік бір Аллаһқа ғана тән. (Румдықтар жеңіс туын көтергеннен) күні мүміндер Аллаһтың жеңісіне қуанышқа бөленеді}, деген аяттың тәпсірінде дұрыс айтты. (Бұл аяттан) парсылар пұтқа табынатын мүшріктер, ал Румдықтар кітап иелері екені саған түсінікті болды. Құрайшт мүшріктері парсылардың жеңісіне қуанса, өйткені пұттарға табынатын; ал Аллаһ Елшісі ﷺ мен сахабалар Румдықтардың жеңісіне қуанды, өйткені Румдықтар кітап иелері. Олардың әрқайсысы (Румдықтар мен парсылар) асылында кәпірлер болды және мұсылмандар Румдықтардың жеңісіне қуанды, өйткені олар кітап иелері, ал парсылар кітап иелері емес, пұтқа табынушылар болды. Біз келтірген дәлелдер арқылы діннен шыққанның күпірлігі асылы кәпір болған кәпірлердің күпірлігінен ауырырақ екені белгілі болды. Сондықтан заманымыздаға Кітап иелерінің (Еуропаның) жеңісіне қуану пұттарға табынушылардың (яғни, Османлардың) жеңісіне қуанудан абзал. Өйткені олардың Исламнан шыққан күпірліктері асылы кәпір болғандардың күпірлігінен ауыр... Осыны білсең, түріктер кәлимә шаһадат айтса да, олардың күпірлігі өте ауыр екені анық болады. Олардың (Осман елінің) діннен шығуы және мұсылмандарға зияны христиандардан да ауырырақ».

Қол жазбаның түпнұсқасын Саудия қолжазбалар кітапханасынан көре аласыз: https://makhtota.ksu.edu.sa/makhtota/3706/64