June 24

Ашура күні айтуға кеңес етілген зікір мен дұға.

Имам Усман әл-Футухи әл-Ханбали (Аллаһ оны рақымына бөлесін) өзінің «Дұғалар мен зікірлер туралы рисаласында» айтты:

Кімде-кім Ашура күні мына дұғаны ықыласпен оқыса, сол жылы қайтыс болмайды әрі оған қандай да бір бәле-жала келмейді.
Ал дұға мынадай:

سُبْحَانَ اللَّهِ مِلْءَ الْمِيزَانِ، وَمُنْتَهَى الْعِلْمِ، وَمَبْلَغَ الرِّضَا، وَزِنَةَ الْعَرْشِ، لَا مَنْجَا وَلَا مَلْجَأَ مِنَ اللَّهِ إِلَّا إِلَيْهِ، عَدَدَ الشَّفْعِ وَالْوَتْرِ، وَعَدَدَ كَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ الْعَلِيِّ الْعَظِيمِ، وَهُوَ حَسْبِي وَنِعْمَ الْوَكِيلُ، نِعْمَ الْمَوْلَى وَنِعْمَ النَّصِيرُ، وَصَلَّى اللَّهُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ وَسَلَّمَ

Мағынасы:
«Аллаһ барлық таразыны толтыратындай мөлшерде Пәк! Барлық білімнің шегіне жететін мөлшерде Пәк! Толық разылыққа жеткізетін мөлшерде Пәк! Аршты теңестіретіндей мөлшерде Пәк!
Аллаһтан қашып құтылатын да, паналайтын да орын жоқ, тек Өзінен басқа. Мұны жұп пен тақтың саны қанша болса, сонша рет және Аллаһтың кемшіліксіз сөздерінің саны қанша болса, сонша рет айтамын.
Ұлы әрі Биік Аллаһтан басқа ешбір күш те, қуат та жоқ.
Ол маған жеткілікті, әрі қандай көркем Қамқоршы! Қандай көркем Ие! Қандай көркем Жәрдемші!
Аллаһ біздің мырзамыз Мухаммедқа ﷺ, оның әулетіне және сахабаларына игілік пен сәлем жолдасын!»

Мұны 12 рет оқиды. Содан кейін былай дейді:

يَا مُفَرِّجَ كَرْبِ ذِي النُّونِ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، يَا جَامِعَ شَمْلِ يَعْقُوبَ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، يَا كَاشِفَ ضُرِّ أَيُّوبَ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، يَا غَافِرَ ذَنْبِ دَاوُدَ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، يَا سَامِعَ دَعْوَةِ مُوسَى وَهَارُونَ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، يَا رَحْمَانَ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَرَحِيمَهُمَا، اقْضِ حَوَائِجَنَا فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، وَطَوِّلْ أَعْمَارَنَا فِي طَاعَتِكَ، إِنَّكَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، وَصَلَّى اللَّهُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ وَسَلَّمَ

Мағынасы:
«Уа, Ашура күні Зун-Нунның (Юнус пайғамбардың) қайғысын сейілткен Ие!
Уа, Ашура күні Яғқубтың отбасының басын қайта қосқан Ие!
Уа, Ашура күні Әйюбтің азабын кетірген Ие!
Уа, Ашура күні Дәуіттің күнәсін кешірген Ие!
Уа, Ашура күні Мұса мен Һарунның дұғасын қабыл еткен Ие!
Уа, бұл дүниенің де, ақыреттің де Рахманы, екі дүниенің де Рахимы!
Біздің дүниедегі әрі ақыреттегі мұқтаждықтарымызды өтей гөр! Өмірімізді Өзіңе бойсұнумен ұзақ ете гөр!
Расында, Сенің әр нәрсеге құдіретің толық жетеді.
Аллаһ біздің мырзамыз Мухаммедқа ﷺ, оның әулетіне және сахабаларына игілік пен сәлем жолдасын!

Ескертпе: Бұл дұғаны сүннет ретінде емес, ғалымдардың насихаты әрі ізгі адамдардың тәжірибесінде немесе кәшф арқылы келген дұғалардың бірі ретінде қарастырған жөн.