«Егер сендер Аллаһты Аршыда да, көкте де, ешбір бағытта да емес десеңдер, онда Ол қайда?»
Имам, шейхул-Ислам Әбу Исхақ әш-Шәйрази әш-Шәфиғи (һиджра 393 – 476 жж.) «әл-Ишарат илә мәзһәб аһлу әл-Хақ» (1\388) кітабында айтты:
فإن قيل: إذا قلتم إنه ليس على العرش، ولا في السماوات، ولا في جهة من الجهات، فأين هو؟! يُقال لهم: أول جهلكم: وصفكم له بـ” أين “؛ لأن ” أين ” استخبار عن المكان، والرب منزه عن ذلك. ثم يقال لهم: هل تثبتون خلق العرش والسماوات وجميع الجهات أم لا؟ فإن قالوا: ليست مخلوقة فقد قالوا بقدم العالم، وينتقل الكلام معهم إلى القول بحدوث العالم. وإن وافقوا أهل الحق وقالوا بخلق جميع الجهات، يقال لهم: فهل كان الرب موجوداً قبل وجودها، وهو الذي أوجدها من العدم إلى الوجود أم لا؟ فإن قيل: لم يكن موجوداً قبلها ولا أوجدها، فقد قالوا بحدث الرب وهذا هو الكفر الصراح. وإن وافقوا أهل الحق في القول بوجوده قبل وجود المخلوقات ( من العالم العلوي والسفلي )، قيل لهم: فأخبرونا عما كان عليه قبل وجودها؟ فكل دليل لهم قبل وجودها، هو دليل لنا بعد وجودها؛ فإن الرب بعد وجود جميع المخلوقات على ما كان عليه قبل وجودها، لا يجوز على الرب التغيُّر من حال إلى حال، ولا الانتقال من مكان إلى مكان؛ قال في قصة إبراهيم : فلما جنّ عليه الليل رأى كوكباً قال هذا ربي فلما أفل أي: انتقل من جهة إلى جهة، وتغيّر من حال إلى حال قال لا أحب الآفلين أي: لا أحب المنتقلين المتغيرين. فمن وصف القديم بما نفاه عنه إبراهيم فليس من المسلمين.
«Егер олар: «Егер сендер Аллаһты Аршыда да, көкте де емес, ешбір бағытта емес десеңдер, онда Аллаһ қайда?» - деп сұраса.
Оларға былай деп жауап беріледі: «Сендер Оны «қайда» деген сөзбен сипаттауларыңмен өз білімсіздіктеріңді көрсетесіңдер, өйткені бұл мекенге қатысты сұрақ, жаратушы Аллаһ бір мекенде болудан пәк».
Сосын олардан былай деп сұра: «Аршы, аспан және барлық жақ\тарап жаратылыс екеніне сенесіздер ме?».
Егер олар жаратылған жоқ десе, олар әлемнің бастауы жоқ деп мәлімдегені, онда әңгімені әлемнің жаратылған екеніне ауыстыру керек.
Ал егер олар барлық жақ\тарап жаратылғандығы туралы ақиқат иелерімен келісетін болса, онда олардан: «Аллаһу Тағала тарапты жаратудан бұрын бар ма еді? Аллаһу Тағала тараптарды жоқтан бар етіп жаратқан ба, жоқ па?», - деп сұра.
Егер олар Аллаһу Тағала әуелде болмаған және жаратпаған десе, онда олар Аллаһты жаратылған дейді және бұл анық күпірлік. Егер олар жаратылыс жаратылғанға дейін Аллаһ болған деген сенімде ақиқат иелерімен келісетін болса, онда олардан: «Жаратқан Ие жаратылғанға дейін қандай күйде болғанын айтып беріңізші?», - деп сұра.
Олардың жаратылыс жаратылғанға дейін Аллаһ туралы айтқандарының бәрі жаратылыс жаратылғаннан кейін Аллаһ қандай күйде болатынына қатысты біз үшін дәлел, өйткені Раббы барлық жаратылыстар жаратылмас бұрын қандай күйде болса, қазір де сол күйде. Раббың бір күйден екінші күйге, бір жерден екінші орынға көшуден аса пәк.
Аллаһу Тағала Ибраһим (Оған Аллаһтың игілігі болсын) туралы былай деді: «{Оны түн қаптаған сәтте, бір жұлдыз көрді де (жұлдызшы қауымына): «(сіздердің пікіріңізше) Осы менің Раббым» деді. Жұлдыз батқан кезде} яғни бір күйден екінші күйге өтіп, бір жақтан екінші жаққа ауысқанда {«Бататындарды жақсы көрмеймін»} (Құран, 6:76). Яғни, Ибраһим пайғамбар «мен өзгеруші және қозғалушы нәрсені жақсы көрмеймін», деді. Ибраһим пайғамбар (Оған Аллаһтың игілігі болсын) теріске шығарған нәрсені Аллаһқа жатқызған адам Оған иман келтіргендерден емес.
فإن قيل: إذا لم يكن في جهة، فما فائدة رفع الأيدي إلى السماء في الدعاء، وعروج النبي إلى السماء؟ يُقال لهم: لو جاز لقائل أن يقول إن الرب في جهة فوق، لأجل رفع الأيدي إلى السماء في الدعاء!! لكان لغيره أن يقول: هو في جهة القبلة، لأجل استقبالنا إليها في الصلاة!! أو هو في الأرض، لأجل قربنا من الأرض في حال السجود؛ وقد رُوي في الخبر عن النبي أنه قال: {أقرب ما يكون العبد من إذا سجد}، قال :واسجد واقترب!! فلو كان في جهة فوق، لما وُصف العبد بالقرب منه إذا سجد؛ فكما أن الكعبة قبلة المصلي يستقبلها في الصلاة، ولا يقال إن في جهة الكعبة ومستقبل الأرض بوجهه في السجود لا يقال: إن في الأرض، فكذلك _ أيضاً _ جُعلت السماء قبلة الدعاء، لا أنّ حالّ فيها. وكذلك أيضاً عروج النبي إلى السماء، لا يدل على أن في السماء، كما أن عروج موسى عليه الصلاة والسلام إلى الجبل، وسماعه لكلام تعالى عنده، لا يدل على أن حالّ في الجبل؛ فعروج النبي : إنّما كان زيادة في درجته، وعلواً لمنزلته؛ ليتبين الفرق بينه وبين غيره في المنزلة وعلو الدرجة.
Егер олар былай деп сұраса: «Егер Аллаһ ешқандай тарапта болмаса, онда дұға кезінде қолды көкке көтеріп, Пайғамбардың ﷺ Миғражда аспанға көтерілуінен не пайда?».
Оларға былай деп жауап беріледі: «Егер біреу дұғада қолдар көкке көтерілгендіктен Раббымыз жоғарыда десе, енді бірі намаз уақытында құбылаға тарапқа жүзденгендіктен Раббымыз құбыла тарапта, ал үшіншісі сәжде кезінде маңдайымызды жерге қою себепті Раббымыз жерде екенін айтуы мүмкін және шын мәнінде Пайғамбарымыздан ﷺ жеткен хадисте: «Құл Раббысына ең жақын сәті сәжде кезінде» («Сахих» Муслим). Аллаһу Тағала: «Олай емес, (Мухаммад) оған бағынба, Аллаһқа сәжде қыл, жақында! » (Құран 96:19) делінген.
Егер Аллаһ жоғарыда болса, онда сәжде кезінде құл Оған жақындамас еді. Намаз оқитын адамның Қағба тарапқа жүзденгені секілді (бірақ адамдар Ұлы әрі Құдіретті Аллаһу Тағаланы Қағба тарапта деп айтпайды) және сәжде кезінде намаз оқушы жүзін жерге бағыттағаны (бірақ адамдар Аллаһу Тағала жерде деп айтпайды) секілді, адамдар дұғада қолдарын көкке көтереді, бірақ бұл Аллаһ аспан тарапта болғандықтан емес.
Ал Пайғамбарымыздың ﷺ Миғражда көкке көтерілуі Мұсаның (Оған Аллаһтың игілігі болсын) Синай тауына көтеріліп, Аллаһтың Сөзін естігені Оның (Аллаһтың) Синай тауында екеніне дәлел емес болғаны секілді. Ал Пайғамбарымыздың ﷺ көкке көтерілуі оның ұлылық дәрежесінде өзін басқалардан айырмашылығын сезінуі үшін, оның асқақтығының белгісі еді».
Имам Әбу Исхақ әш-Ширази туралы ғалымдардың пікірі
Имам ән-Нәуәуи әш-Шәфиғи әл-Әшғари (631 – 676 һ.ж.) «әл-Мәжмуғу» кітабында:
«Ол имам, зерттеуші, ең жақсысы, (дін мәселелерін) жан-жақты зерттейтін, көптеген ғылымдар бойынша білім иесі, пайдалы еңбектердің авторы, ғибадаттарды көп орындайтын заһид, Аллаһтан қорқатын адам. Дүниеден бас тартқан, ақырет өміріне толықтай бет бұрған, Аллаһтың дініне көмектесуге толық берілген, нәпсіқұмарлықтан алыстаған, Аллаһты таныған, білім мен ғылымды, Аллаһтан қорқу мен заһидті біріктірген тақуа ғалымдары мен құлдарының бірі, діннің және Пайғамбарлардың Мырзасы ﷺ үкімдерін орындауда тұрақты Әбу Исхақ Ибраһим ибн Абдуллаһ әш-Шәирази әл-Файрузабади, олардың барлығына Аллаһ разы болсын. Имам, хафиз Әбу Саад әс-Сәм`ани былай деген: «Әбу Исхақ шәфиғилердің имамы және Бағдадта Низамия медресесінде ұстаз болған, ғасыр шейхы әрі имамы болған. Оған (әртүрлі) қалалардан адамдар келіп, жан-жақтан және жердің әр бұрышынан адамдар келді. Ол заһид, иманды, қарапайым, тапқыр, сымбатты, кең пейілді, жүзі ылғи жайдарлы, тамаша әңгіме-дүкен құрып, жақсы әңгімелер, әдемі өлең шумақтар айтып, көп нәрсені есте сақтайтын». Сондай-ақ әс-Сәм`ани былай деген: «Имам Әбу Исхақ өзінің білім байлығымен ерекшеленді және білімде теңіздей болды. Және бұл дүние оған өмірдің қуаныштарымен және жаман жолдармен келді, бірақ ол оларды қаламай, оларды тастап, жек көрді».
Хафиз Шамсуд-Дин әз-Зәһәби (673 – 748 һ.) ол туралы «Сияр әғләм ан-Нубәлә» кітабында былай деген:
«Шейх, имам, үлгі-өнеге, мужтаһид, шейхул-Ислам... Әс-Сәм`ани: «Шәфиғилердің имамы, Низамиядағы ұстаз және (өз заманының) шейхы», - деген. Әбу Бәкір әш-Шәши: «Әбу Исхақ – өз заманының имамдарына Аллаһтыңдәлелі», – деген. Әл-Мувафиқ әл-Ханафи былай деген: «Әбу Исхақ – фақиһтердің ішіндегі мүміндердің әміршісі (әмиру әл-Муминин)».
Имам Таджуд-Дин әс-Субки (717 - 771 һ.ж.) ол туралы «Табақат Шәфиғия әл-кубра» кітабында былай деген:
«Ол шейх, имам, шейхул-Ислам, күн сияқты қозғалатын және әлем сияқты айналатын кітаптардың авторы және шайтан қаққан адамнан басқа ешкім бұл кітаптардың қадір-қасиетін жоққа шығармады».
Сілтеме: https://darulfikr.ru/articles/allah-chist-ot-togo-chtoby-nahoditsja-v-kakoj-libo-storone/