Уаһабилердің кітаптарындағы сәйкессіздік
Уаһабилік Албани, Аллаһ оны рақымына алсын, өзінің аты шулы «Пайғамбар ﷺ намазының сипаты» (189 бет) атты кітабында ер мен әйелдің намаздары арасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін дәлелдеп, ибн Әбу Шәйбәнің «әл-Мусаннаф» хадис жинағынан сахих иснадпен тәбиғиндерден болған ұлы имам Ибраһим ән-Нәхәғидің мына сөзін дәлел ретінде келтіреді:
«Әйел адам намазды ер секілді оқиды».
Бір қызығы, ибн Әбу Шәйбәнің «әл-Мусаннаф» хадис жинағының түпнұсқасында ондай сөз тіптен келмеген. Түпнұсқада имам Ибраһим ән-Нәхәғи әйел адам белгілі бір себептермен ер адам секілді отыруына рұқсат бергендігін туралы мүлдем басқаша сөз келген:
«Әйел адам намазда ер адам секілді отырады».
Имам Ибраһим ән-Нәхәғидің «отырады» деген сөзін «намаз» деп бұрмалау сөйлемнің мағынасын мүлдем өзгертеді. Бәлки Албани әдейі жасамаған шығар деп үзір іздейік.