Шииттер кәпір ме?
Шиіттердің барлығын нақтыламай кәпір деп айтуға болмайды. Шиіттердің ішінде тым шектен шыққан ағымдар мен кәпірлер бар, мысалы, исмаилит, нусайрилер, олар ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша және ешбір күмәнсіз кәпір болып табылады. Бірақ олардың арасында зәйдилер сияқты орташа және орта ағымдар да бар және оларды күпірлікпен айыптауға болмайтыны анық.
Ізбасарларының саны жағынан ең үлкен шиіт тобы және шиіттік ағымда ең үлкен ғылыми мұрасы бар болып табылатын Иснаашарилер (Джағфарилер) шиіттеріне келетін болсақ, «шииттер» дегенде, әдетте, солар айтылады. Олар күмәнсіз адасушылар және сенімдері бұзылған, бірақ дұрыс пікір бойынша олар мұсылмандар. Олардың ғалымдары да, қарапайым адамдары да мұсылман бидғатшы болып табылады. Алайда егер олардың бірі Құранды бұрмаланған немесе Айша анамызды (Аллаһ оған разы болсын) тіл тигізсе немесе сахабалардың барлығын күпірлікте айыптаса, ол нақты адам кәпір болады, бірақ біз күпірлік үкімін бүкіл топқа жалпыламаймыз.
Сонымен, шиіттік ағымдар арасында келесі топтарды бөліп көрсетуге болады:
1. Исмаилит және соған ұқсас шектен шыққан ағымдар кәпір және дінсіз секталары болып табылады және бұл «бабиизм», «бахаизм», «қадяндық» және «друздк» сияқты негіз болып табылады. Бұл топтар имамдарды толық немесе ішінара құдай ету, діннен үзілді-кесілді түрде белгілі болған нәрселерді, мысалы, пайғамбарлықтың енді болмайтындығын жоққа шығару сияқты күпірлік сенімге негізделгендіктен, бұл топтар кәпір және Ислам шеңберінен тыс болып саналады. Адамның өзін бұл секталарға тиесілі етуі ол адамға күпірлік үкімін шығаруға жеткілікті. Өйткені өзін соларға тиесілі ету олардың күпірлік негіздерін мойындаумен бірдей. Осы себепті олардың өкілдерімен некеге тұруға, сондай-ақ олардың сойған малының етін жеуге тыйым салынады, өйткені олар мұсылман емес және кітап иелері емес.
2. Иснаашари (Он екілік) – Әли ибн Әбу Талибтен (оған Аллаһ разы болсын) қасиетті кітап бар деп сенетін және одан кейінгі он бір имам, оның ішінде күтілетін Мәһди Мухаммад ибн әл-Хасан әл-Әскәри екендігін бекіту сияқты жалған сенімге негізделген бидғатшы ағым. Және олар да бұл Әли ибн Әбу Талибпен (оған Аллаһ разы болсын) және одан кейін келетін он бір имам күнәдан пәк екендігіне сенеді. Иснаашариді басқа шиіттерден ерекшелендіретін дәл осы сенімдер және мұндай сенімдерді ұстанбайтын кез келген адам Иснаашари шиіті болып саналмайды. Бұл сенім Исламнан шығаратын күпірлік емес, бидғат пен адасушылық, сондықтан мұндай шиіттер бидғатшылар. Алайда, олардың кез келгені осы сенімдерге ашық күпірлік қосса, мысалы, Құран бұрмаланған деп мәлімдесе, мұны олардың көп ғалымдары айтқандай, онда мұндай адам кәпір болады және бұл оның иснаашари шиіт болғандығынан емес, діннен үзілді-кесілді түрде белгілі болған нәрселерді жоққа шығаруы үшін, нақты Құранның сақталғандығына және оның өзгермейтініне сену. Сол сияқты өзін сүннит санайтын адам осындай сенімдерді ұстанатын болса, оны кәпір деп жариялаймыз.
Шейх Мухаммад-Сәйид ибн Яхьян حفظه الله تعالى
Дереккөз: https://t.me/ibnYahyaDagestani/87
Аударған: https://t.me/darulfikr