Today

Шақырылған жерде күнәлі амалдар болса, барудың үкімі.

Шейх (ән-Нәхләуи атымен танымал) Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафи «әд-Дурару әл-Мубаха» кітабында (45 бет) айтты:

«Тойға/асқа шақырылды, үйдің бір жерінде (дастарқан басында емес) ойын¹ немесе ән-музыка болып жатыр: егер оны тоқтатуға шамасы жетсе, тоқтатады. Ал егер тоқтатуға шамасы жетпесе: егер ол артынан ерушісі жоқ, беделі жоқ адам болса – отырады да, тамақтанады²; ал егер артынан ерушісі бар, адамдар үлгі тұтатын адам болса және тоқтатуға шамасы жетпесе – отырмайды, шығып кетеді.

Ал егер ойын немесе ғайбат дәл дастарқан басында болса – отырмайды.

Мұның барлығы шақырылған сәтте ол жайлы білмеген жағдайда. Ал егер әуел бастан (шариғат тыйым салған нәрселер бар екенін) білген болса, ол адам артынан ерушісі бар ма, жоқ па – бұл тойға/асқа бармайды».

¹Күнімізде тойларда болып жатқан арсыз, ұятсыз, ерсі ойындар. ²Рұқсат, бірақ отырмағаны абзал.