December 14, 2024

Мәсі және соның үкімін алатын шұлыққа мәсіх тарту мәселесі

▪️ Дәрет алғаннан кейін немесе ғұсылдан кейін дәретті күйінде киілген теріден жасалған мәсіге мәсіх тарту рұқсат.

▪️ Егер мәсі тобықты жаппайтын қысқа болса, онда мұндай мәсіге мәсіх тартуға болмайды.

▪️ Егер мәсіні дәретсіз кисе, онда мұндай мәсіге мәсіх тартуға болмайды.

▪️ Мүсәпір адам мәсісіне үш күн және үш күн [яғни: үш тәулік], тұрғылықты адам бір күн және бір түн [яғни: бір тәулік] мәсіх тартса рұқсат. Мәсінің уақыты мәсіні кигеннен емес, дәрет бұзылған уақыттан басталады: егер мәсіні бесін уақытында киіп, сосын күн батқанда дәреті бұзылса, егер жергілікті адам болса, онда мәсінің уақыты сол күннің күні батқанға дейін [яғни: бір тәулік]; егер мүсәпір болса, онда үшінші күннің күні батқанға дейін [яғни: үш тәулік].

▪️ Ғұсыл міндет болған адамға мәсіх тарту рұқсат емес, бәлки мәсісін шешіп, [толық денесімен бірге] екі аяғын жуады.

▪️ Мәсіхті мәсінің үстіне жасайды, астына емес.

▪️ Мәсіх жасаудың көрінісі: қолды сулап, саусақтарын аяқтың башпай жағына қояды, алақанды мәсіге тигізбей, сосын сулы саусақтарын тобыққа қарай жоғары жүргізеді; егер мәсіге саусақпен бірге алақанын тигізсе, онда бұлда рұқсат.

▪️ Егер мәсіхті тобықтан бастап башпайға дейін тартса [яғни: керісінше істесе] немесе ұзынынан емес, енінен [оннан солға немесе солдан онға] тартса - рұқсат, бірақ сүннетке қайшы істеген болады.

▪️ Егер мәсіхті мәсінің астына немесе екі жанынан немесе өкшесіне тартса, онда [мәсіх] дұрыс емес.

▪️ Егер мәсіге мәсіхті толық саусақтарымен емес, тек саусақтардың ұшымен жасаса, онда [мәсіх] дұрыс емес; егер саусақтың ұштарымен мәсіх жасаған уақытта су мол болып, тамшылап, мәсі үш саусақ көлеміндей суланса, онда рұқсат.

▪️ Егер мәсіге мәсіхті қолдың ішімен емес, сыртымен тартса - рұқсат, бірақ сүннетке қайшы.

▪️ Егер жаңбыр жауса немесе [ылғал] шөптің үстімен жүріп мәсінің үсті суланса, рұқсат және мәсіх жасаған секілді болады.

▪️ Мәсіх көлемінің ең азы - қолдың үш саусағы; егер осыдан аз көлемде мәсіх жасалса, онда мәсіх дұрыс емес.

▪️ Дәретті бұзатын барлық нәрсе мәсіні бұзады¹ және мәсіні шешу де дәретті бұзады; егер мәсіні шешкен болса, онда аяқты жуу керек, бірақ дәретті қайта толық алу шарт емес.

▪️ Егер тек бір мәсі шешілген болса, онда мәсі үкімі бұзылды, сондықтан екінші мәсіні де шешіп аяқтарды жуу керек.

▪️ Мәсі үкімі мәсі кию уақытының бітуімен бұзылады: егер дәретті күйде мәсінің уақыты біткен болса, онда мәсілерін шешіп, тек екі аяғын жуады, дәретті қайта толық алу шарт емес.

▪️ Егер мәсі киген адамның аяғына су кіріп, аяғы толық немесе көбісі суланса, онда мәсінің үкім бұзылады². Мәсіні шешіп, екі аяқты жуу керек.

▪️ Егер мәсіде тесік болса: егер тесік көп болса және аяқтың кішкентай үш башпайы³ сыятын көлемде немесе одан үлкен болса, онда мұндай мәсіге мәсіх жасауға болмайды; егер тесіктің көлемі бұдан кіші болса, онда мұндай мәсіге мәсіх жасау рұқсат.

▪️ Егер мәсі тігісіндегі жіптері босап, ашылып бастаса: егер үш кішкентай башпай көрінетіндей көлемде болмаса, онда мұндай мәсіге мәсіх жасау рұқсат; егер киген уақытта көрінбейді, бірақ жүрген уақытта көрінсе, онда рұқсат емес.

¹Егер дәрет бұзылса және мәсіге мәсіх жасау уақыты әлі бетпеген болса, онда мәсісіне мәсіх жасайды.

²Аяқтың қатты сулануы аяқты жуған секілді, ал фиқһта аяқты жуу мен мәсіх жасау бір жерге жиналмайды.

³Бұл егер тесіктер аяқтың башпай жағында болмаған болса, ал егер тесік башпай үстінде болса, онда тесік орналасқан башпайдың өзі есепке алынады. Егер тесік үлкен башпай мен содан кейінгі башпайдың үстінде болса: көлемі үш кішкентай башпай көлемінде болса да, мұндай мәсіге мәсіх жасау рұқсат, өйткені мұндай жағдайда башпайдың өзі есепке алынады, үш кішкентай башпай көлемі емес [яғни: мәсі жарамсыз болу үшін үш бірдей башпайдың үстінде тесік болу керек].

▪️ Егер мәсінің бір сынарында бір башпай, екінші сынарда екі башпай сыятын көлемдей тесіктер болса: онда мұндай мәсіге мәсіх жасау рұқсат; егер мәсінің бір сынарында бір тесіктің көлемі бір башпай, екінші тесік көлемі екі башпай сыятын көлемдей екі тесік болса: онда мұндай мәсіге мәсіх жасау рұқсат емес. Егер [мәсінің бір сынарындағы] барлық тесіктерді жинағанда олардың көлемі үш [кішкентай] башпай сыятын көлемде болса, онда мұндай мәсіге мәсіх жасау рұқсат.

▪️ Егер тұрғылықты адам аяғына мәсі кисе, сосын бір тәулік болмай тұрып сапарға шығып кетсе: онда мәсіге мәсіх жасаудың уақыты үш тәулікке ауысады; ал егер бір тәуліктен кейін сапарға шықса, онда оның уақыты ауыспайды.

▪️ Егер мүсәпір адам аяғына мәсі кигеннен кейін тұрғылықты адамға айналса, онда мәсі уақыты бір тәулік болады; егер бір тәулік өтіп кеткеннен кейін тұрғылықтыға айналса, онда мәсісін шешеді; егер бір тәулік өтпеген болса, онда қаласа бір тәулікке толтырады.

▪️ Егер мәсіні шұлықтың үстінен кисе, онда мәсіге мәсіх жасау рұқсат.

▪️ Төмендегі шарттар толық болғанда ғана шұлыққа мәсіх жасау рұқсат:

  • Асты және үсті былғары болу;
  • Немесе тек асты былғары болу;
  • Немесе шұлық қалың\тығыз тоқылған, аяқта баусыз өздігінен тұратын және 4-5 шақырым жүріске жарамды болу.

▪️ Әйел адам [дәрет кезінде басындағы] орамалына және қолғабына мәсіх жасау рұқсат емес.

▪️ Егер мәсі аяқты және тобықты жауып тұрса, онда бұл мәсі байланған және одан үш башпай көлемдей көрінбеу шартымен мәсіх жасау рұқсат.

▪️ Егер тәйәмум соққаннан кейін мәсі кисе, мейлі кіші дәретсіздікке болсын немесе жүніптіктен болсын, онда оған мәсіх жасау рұқсат емес.

▪️ Ғұсыл құйынған адам мәсісіне мәсіх жасауы рұқсат емес, мейлі бұл парыз ғұсыл болсын, сүннет ғұсыл құйынған адамның мәсіге мәсіх жасауы рұқсат емес [мәсісін шешіп, аяғын жуу керек]. Егер ғұсыл құйынған сәтте [мәсі киген] аяғын биік жерге көтеріп қойып, барлық денесін жуып, кейін аяғына мәсіх тартып жіберсе, мәсісі дұрыс емес.

▪️ Мағзур адам мәсісіне мәсіх жасау уақыты мағзур адамның дәреті секілді намаздың уақыты шығумен жойылады; егер намаз уақыты шықса, онда [мағзур адам] мәсісін шешіп, екі аяғын жуады. Бұл егер дәретті күйінде мәсі киген жағдайда үзірі көрінсе, ал егер үзірі көрінбесе, онда намаз уақыты шығумен мәсісі бұзылмайды.

Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 66-69 бет.