Today

﴾Уа, адам баласы! Сені Жомарт Раббың жайлы азғырып, алдаған не еді?!﴿.

Уа, адам баласы! Сені Жомарт Раббың жайлы азғырып, алдаған не еді?!﴿. «Әл-Инфитар» сүресі, 9-аят.

Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:

«Аяттағы ﴾Сені Жомарт Раббың жайлы азғырып, алдаған не еді?!﴿ деген – мынадай мағынаға саяды: «Раббыңнан сені не алдандырды?». Сонда аяттың түсіндірмесі былай болады: «Сені Жомарт Раббыңнан, Оның құлшылығынан және ғибадатынан не нәрсе бет бұрғызды?!».

Сондай-ақ, ﴾Сені Жомарт Раббың жайлы азғырып, алдаған не еді?!﴿ деген сұраққа келсек, мұнда адамның алдануының себебі – Аллаһтың кең жомарттығы. Себебі, Аллаһ Тағала адамның күнә жасаған кезінде дереу жазаламады. Осы кешіру мен жазаның кейінге қалдырылуы адамды алдануға итермеледі. Ол: «Мені кешіре береді екен» деп ойлап, күнәні жалғастыра берді.Әйтпесе, егер күнә жасаған сәтінде жаза түсе берсе, ешкім күнәға бара алмас еді.

Сондықтан адам ақталғанда: «Мені қаперсіздік пен алдануға итермелеген – Сенің жомарттығың, я болмаса менің ақымақтығым болды» деуі мүмкін. Омар ибн Хаттаб, Аллаһ одан разы болсын, осы аятты оқыған кезде: «(Бұл) ақымақтық, уа, Раббым!» – деп айтқан сөздері де дәл осыны білдіреді.

Немесе, ﴾Уа, адам баласы! Сені Жомарт Раббың жайлы азғырып, алдаған не еді?!﴿ деген сөз мына мағынада да болуы мүмкін: «Сені тіпті Аллаһтың саған ата-бабаңның жолымен жүруді бұйырды деп жалған айтуға дейін жеткізген не нәрсе?! Немесе арсыздық істеген кезде: ﴾«Мұны ата-бабаларымыздан көрдік. Асылында, осылай істеуді бізге Аллаһ бұйырды», – дейді﴿ («әл-Ағраф» сүресі, 28-аят) деген сөздерді айтуға итермелеген не нәрсе?!

Саған Аллаһқа өтірік жала жабуға не себеп болды?! Мен саған пайғамбар жібермедім бе?! Саған кітап түсірмедім бе?! Онда саған не нәрсені бұйырғанымды және неден тыйғанымды анықтап көрсетпедім бе?!

Сондай-ақ: «Бұл аят Кәлдә туралы түсті» делінген. Ол бір кездері Пайғамбарды ﷺ ұрған кезде Аллаһ Тағала оны жазаламады. Алайда Аллаһ оны сол сәтте жазаламады. Хамза өз қауымының намысымен қызбаланып ашуға мінді. Содан кейін Кәлдә Пайғамбарымызды ﷺ тағы да ұруға ниеттенгенде, Аллаһу Тағала: ﴾Уа, адам баласы! Сені Жомарт Раббың жайлы азғырып, алдаған не еді?!﴿ деген аятты түсіреді. Сен Аллаһтың Елшісіне ﷺ қол көтергеніңде, Ол сені сол мезетте жойып жібермегендігіңе (маған ешқандай жаза болмайды деп) ойлап қалдың.

Алайда, егер бұл аят ол нақты Кәлдә туралы түскен болса да, оның мағынасы барлық адамға бірдей қатысты. Дұрысын Аллаһ білуші».