﴾Һәм Аллаһ Мұсамен арнайы тілдесті﴿.
﴾Һәм Аллаһ Мұсамен арнайы тілдесті﴿ («ән-Ниса», 164 аят).
Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:
«Аят жайлы ғалымдар арасында түрлі көзқарас бар. Кейбіреулер: «Аллаһ сөзді әрі дыбысты жаратты да, Мұсаға соны естіртті» – деген. Басқалары: «Аллаһ оған бір жазба жазып берді, сол арқылы онымен сөйлесті. Сондықтан ﴾Һәм Аллаһ Мұсамен арнайы тілдесті﴿ деген - Аллаһ Өзінің кәләм сипаты арқылы сөйлескен жоқ» – деген.
Біз бұл оқиғаның қалай болғанын білмейміз. Біз тек Аллаһ бұрын болмаған бір дауысты жаратып, соны Мұсаға естірткенін ғана білеміз. Аллаһ кімге қаласа, соған естіртеді. Өйткені Аллаһтың ежелден бар болған кәләм сипаты – әріптермен, буындармен, дыбыспен немесе жаратылғандардың сөзіне тән басқа нәрселермен сипатталмайды.
Құранда ﴾Сонда ол үшін Алланың сөзін есту мүмкіндігі туады﴿ («әт-Тәубә», 6 аят) дегенде, бұл – тек сәйкес және ауыспалы (мәжаз) мағынада айтылады. Әйтпесе, Аллаһтың ежелден болған кәләм сипатын тікелей есту мүмкін емес. Бірақ адамдардың түсінігіне жеңіл болу үшін, бұл сөз осылай қолданылады».