Нәзилә¹ дұғасы
Егер мұсылмандардың бастарына қайғы\қасірет түссе, имам таң намазының² (парызында, екінші) рукуғінен тұрғаннан кейін дұға оқиды. Дұғасында үтір намаздың құнытын немесе оған сүннетте келген тағы басқа дұға қосса болады:
«Аллаһумма-һдинәә фимән һадайт, уә ғафина фиман ғафаит, уә тәуәлләнә фиман тәуәлләйт, уә бәрик ләнәә фимә әғтайт, уә қина шәррә мә қадайт, иннәкә тақди уә ләә иуқда әләйк, иннәһу лә ихиллу мән уәләйт, уә иғиззу мән әдәйт, тәбәрактә раббәнә уә тәғәлйт, ләә мәнджә минкә иллә иләйк».
Мағынасы: «Уа, Аллаһым! Өзің тура жолға салғандарың сияқты мені де тура жолға сала гөр және мені құтқарғандарыңнан (барлық жамандықтан) құтқар және қорғағандарыңнан мені сақта және мені Өзіңнің нығметтеріңмен жарылқа және маған берген нығметтеріңмен жарылқа және мені алдын ала белгілеген нәрселеріңнен қорғай гөр, өйткені барлық нәрсені Сен шешесің, Сенің үстінен ешкім шешім шығармайды, және Сен кімге қолдау көрсетсең, ол қорланбайды және Сен дұшпандық еткен адам ешқашан абыройлы болмайды! Сен Ұлы Раббымыз кемшіліктерден пәксің!».
«Аллаhуммағ-фир-лил-му’минина уәл-му’минәәт, уәл-муслиминә уәл-муслимәәт, уә әллиф бәйнә қулубиhим, уә аслих зәтә бәйниhим, уә-нсурhум әлә ғадууикә уә әлә ғадууиhим. Аллаhумма-л-ғән кәфәрәтә әhлил-китәбил-ләзинә йукәззибунә русуләк, уә йуқатилунә әулийә-әк. Аллаhумма халиф бәйнә кәлимәтиhим уә зәлзил ақдәмәhум уә әнзил биhим бә-сәкә-л-ләзи ләә тәруддуhу ғәнил-қауми-л-муджримиин».
Мағынасы: Уа, Аллаһым! Барша мұсылман ерлер мен әйелдерді, барлық мұсылман ерлер мен әйелдерді кешір! Олардың жүректерін бір-біріне деген сүйіспеншілікпен біріктіріп, істерін реттеп, оларға Өзіңнің және олардың дұшпандарына қарсы жеңіс сыйла! Уа, Раббым, пайғамбарларды теріске шығарып, сенің әулиелеріңе қарсы шыққан кітап иелерінен болған кәпірлерге лағынет ет! О Аллаһ! Оларды бір-бірінен ажырат, қадамдарын әлсіз ет және оларға азабыңды түсір!».
¹Соғыс немесе оба секілді қатты қиындықта оқылады. Намазды жеке оқыған адам нәзилә дұғасын оқымайды. Егер имам нәзилә дұғасын оқыса, артында ұйып тұрған адам іштей әмин деп тұрады; ал егер имам дұғаны іштей оқыса, онда артындағы жамағат дұғаны өздері іштей оқиды.
²Нәзилә дұғасын тек таң намазында оқиды ма немесе барлық дауыстап оқитын намаздарда оқуға болады ма? Мәзһабымызда бұл мәселеге қатысты екі көзқарас бар және екі көзқараста дұрыс.
Имам дұға оқыған сәтте қолды көтереміз бе немесе екі жаққа жіберіп қоямыз ба? Екеуі де рұқсат, бірақ екі жаққа жіберіп қою асыл нәрсе.
Шейх Мухаммад Әли ибн Шәфиқ ән-Нәдуй әл-Ханафи, «әл-Фиқһу әл-Муиассар мәғә Бидаяту әл-муфти уә ниһаяту әл-мустафти», 162 бет.