Тауып алынған зат мәселесі
▪️ Кімде-кім зат тауып алса және оның иесі кім екенін білмесе: онда ол адам үшін ол затты иесіне қайтару ниетімен алу мандуб болады; егер затты алмаған жағдайда ол зат құртылып кетеді деген қауіп болса, онда ол адам үшін ол затты [иесіне қайтару ниетімен] алу уәжіп болады.
▪️ Кімде-кім зат тауып алса: онда ол адам үшін заттың иесін іздеу және мүмкіндігінше базарларда, көшеде «зат тауып алдым» немесе «жоғалған нәрсе таптым» немесе «менде зат бар, егер іздеп жүрген адам болса маған жіберіңіздер» деп хабарлау уәжіп [1].
▪️ Тауып алған заттың иесін іздеу және бұл туралы хабарлау затты көтергеннен кейін уәжіп болады; затты көтергеннен кейін ол затты басқа жерге қойып кету рұқсат емес.
▪️ Тауып алған зат туралы ер адамдар арасында және әйелі немесе басқа махрам әйел арқылы әйелдер арасында хабарландыру жасайды.
▪️ Заттың иесі ол затты ендігәрі сұрамайды\іздемейді деген ой басым болған уақытқа дейін хабарландыру жасап, иесін іздейді. Сосын уақыт өте заттың иесі енді затты іздемейді деген ой басым болса, онда ол затты жетім-жесір\кедейлерге садақа етеді, егер затты тауып алған адамның өзі кедей болса, онда ол затты өзі пайдаланса рұқсат. Затты садақа еткеннен кейін немесе өзі пайдаланғаннан кейін заттың иесі келсе, онда заттың иесінде ерік бар: садақа деп қоя салады немесе заттың орнын толтыр дейді.
▪️ Кімде-кім қыран немесе құс немесе тотықұс тауып алса және бұл құс үйдің құсы екенін білсе, аяғандағы сылдырмақ арқылы, онда бұл туралы хабарлау және құстың иесін іздеу уәжіп болады.
▪️ Егер бақшадан өтіп бара жатып ағаштан түсіп қалған жеміс тауып алса: онда бұл жемісті алып жеу рұқсат емес; егер дәнек немесе жүзім секілді болмашы нәрсе тауып алса, онда жесе болады: мейлі ол бай болсын немесе кедей болсын.
Кімде-кім далалықта немесе орманда немесе аулада көмілген күміс немесе алтын тауып алса, алдын айтқандай, онда иесін іздеу уәжіп болады. Кейін қазынаның иесі келсе, қазынаны иесіне қайтарады. Егер иесі табылмаса, онда кедейлерге садақа етеді немесе өзі кедей болса, өзі пайдаланады (сосын қазынаның иесі келіп, қазынаны талап етсе, егер қазына өзінде болса, онда қазынаны қайтаруы уәжіп; егер садақа етіп жіберген болса, онда құнын төлейді).
[1] Табылған затты егжей-тегжейлі айтпаған жөн, өтірік басқа адам келіп, затты иемденуі мүмкін. Мәлімет үшін табылған заттың жалпы сипаттамасы берілуі керек. Мысалы, адам зергерлік бұйым, киім-кешек немесе әмиян таптым деп айтуға болады. Бұл заттың болжалды иесі келіп, осы зергерлік бұйымның немесе киімнің немесе әмиянның егжей-тегжейлі сипаттамасын айтып берген кезде ғана ол затты беру керек.
Үмметтің данасы болған Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр» кітабы (443-444 бет).