December 23, 2024

«Кімде-кім Аллаһ жолына жорыққа шықпастан және сол жолға шығуда өз-өзімен сөйлеспестен өмірден өтсе, екіжүзділіктің бір тармағында өлді».

Хазіретті Әбу Һурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың ﷺ мына сөзін жеткізеді: «Кімде-кім Аллаһ жолына соғысқа шықпастан және сол жолға шығуда өз-өзімен сөйлеспестен өмірден өтсе, екіжүзділіктің бір тармағында өлді» (хдисті имам Муслим жеткізді).

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3813) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(...сол жолға шығуда өз-өзімен сөйлеместен) бұл сөздің мағынасы: жиһадқа шығуды ниет етпеу, өз-өзіне: «Әттеген-ай, муджаһид болсам ғой», - деп айтпау. «Аллаһ жолына жорыққа шығуды жаны қаламау», - деп те айтылды. Өйткені Аллаһ жолын қалаудың белгісі - қару-жарақтарын дайындап отыру, Аллаһу Тағала айтты: {Егер олар расымен жорыққа шыққысы келсе, қару-жарақтарын сайлап, сөзсіз алдын-ала қамданар еді}.

(...екіжүзділіктің бір тармағында өлді) яғни, кімде-кім осы күйде өлсе, жиһадқа немқұрайлы қараған екіжүзділерге ұқсайды, ал кімде-кім бір қауымға ұқсайтын болса, ол солардан. «Бұл Пайғамбардың ﷺ заманына қатысты», - деп те айтылды. Бірақ бұл барлық уақытқа қатысты екені анық, сондықтан егер жалпыға бірдей жиһадқа шақыру болса, онда әрбір мүмін жиһад жасауға ниет ету керек, не парыз кифая жолымен болсын немесе парыз айн жолымен болсын¹.

Хадистің сыртқы мағынасы: «Жиһад – абсолютті парыз» дейтіндерге дәлел ретінде пайдаланады. Ән-Нәуәуидің Муслимге жазған түсіндірмесінде Абдуллаһ бин әл-Мубарак айтты: «Бұл Аллаһ Елшісінің ﷺ кезінде болғанын көреміз». Ибн әл-Мубарак айтқаны ықтимал, ал басқалары: «Бұл барлық уақытқа қатысты, мұның мұраты: істеген (яғни, Аллаһ жолында жорыққа шығуды ниет еткен) адам жиһадты елемейтіндерге ұқсау сипатын ада болды», - деді. Өйткені жиһадты тәрк ету екіжүзділіктің бір түрі болып табылады. Бұл мәселеде егер кімде-кім бір ғибадат жасауға ниет етіп, бірақ оны орындай алмай өмірден кеткен адам, ғибадатты орындауға ниет етпеген адам секілді айыпталмайтыны шығады. Біздің ғалымдарымыз намаз уақыты кірген кезде орындауға шамасы бола тұра, бірақ кейін оқимын деп ниет етіп, сосын өліп кеткен немесе қажылықты да сосын өтеймін деп кешіктіріп, кейін өліп кеткен адам туралы хиләфқа түсті: «Ол екі жағдайда да күнәкар», - деп айтылды. «Ол екі жағдай да күнә жасамайды», - деп айтылса, басқалары: «Тек қажылықта күнә алады», - деді».

¹Яғни, егер қандай-да бір топ Аллаһтың шариғатын орнату үшін жорыққа шықса, онда барлық мұсылмандардан жорыққа шығу парызы түседі (парыз кифая). Ал егер ешбір мұсылман Аллаһтың шариғатын тұрғызу үшін жорыққа шықпаса, онда барлық мұсылман күнәкар болады (парыз айн) («Әл-Любәб фи шархи әл-Китаб», жиһад бабы). Сондықтан Аллаһ жолына жорыққа шығу қандай парыз болса да, мүмін адам әрдайым ниет етіп жүруі керек.