Мисуакқа қатысты мәселелер
Имам Абдул-Ғунайми әл-Майдани әл-Ханафи өзінің «Тухфату ән-Нусак фи фадаил әс-Сиуәк» кітапшасында мисуакқа қатысты айтты (бұл жерде толық аударма емес):
1. Мисуак қолдаундың үкімі (бұл мәселеде біздің мәзһабта хиләф бар: кейбірі сүннет десе, басқалары мустахаб деген):
Кейбір ғалымдар мисуак қолдану сүннет немесе мустахаб деген екі көзқарасты біріктіре отырып айтты: «Дәрет басында қолдану сүннет, басқа уақытта мустахаб».
2. Мисуак дәреттің бе немесе намаздың сүннеті ме? Немесе жалпы діннің сүннеті ме?
Кейбір ғалымдар мисуак дәреттің сүннеті деді (бұл біздің мәзһаб). Бұл туралы хадистер келген, солардан: Мәлик Әбу әз-Зинадтан, ол әл-Әғрадждан, ол Әбу Һурайрадан, оған Аллаһ разы болсын, айтты: «Пайғамбар ﷺ айтты: «Үмметіме ауыр соқпағанда әр дәретте мисуак қолдануды бұйырар едім».
Және Мәлик (хадис тізбегін Пайғамбарға ﷺ жеткізе отырып) риуаят еткен хадисте, Ибн Хузайма өзінің «Сахих» жинағында, ән-Нәсәи, ад-Даруқутни тізбектерін Пайғамбарға ﷺ жеткізе отырып риуаят еткен хадисте: «Әр дәретпен бірге мисуак».
Кейбіреулері намаздың сүннеті деді және бұған қатысты алты хадис жинақта келген хадистерді келтірді: Әбу Һурайра, оған Аллаһ разы болсын, айтты: «Пайғамбар ﷺ айтты: ««Үмметіме ауыр соқпағанда әр намазбен бірге мисуак қолдануды бұйырар едім», Муслимнің риуаятында: «Әр намаз алдын».
Әл-Айни әл-Ханафи айтты: «Егер сіз: «Мисуакты «әр дәретте» деген риуаят пен «әр намазда» деген риуаятты қалай үйлестіреміз?» – десеңіз. Мен былай деймін: «Дәрет алғандағы мисуак намаз үшін қолданылады, өйткені намазға дәретті болу парыз, сондықтан «әр намазда» деп айтылған хадистерді біз айтып өткендей түсіндіріп үйлестіру керек (яғни, мисуакты әр намазда қолдану керек деген хадисті әр дәретте деп түсінеміз). Сондай-ақ, намазда мисуак қолдану ауызды зақымдап, қанның шығуына себеп болуы мүмкін, ал қан болса иджма бойынша нәжіс (аудармашыдан: және аққан қан мешітті ластауы мүмкін, өйткені кішкентай көлемде болса да мешітті нәжіспен ластау рұқсат емес), және ауызды қанату дәретті бұзады. Сондықтан намаз алдын мисуак қолданудан аулақ болу керек».
Кейбіреулер мисуак діннің сүннеті деді және бұл Әбу Ханифадан, оған Аллаһ разы болсын, келген сөз: «Мисуак діннің сүннеті».
Осыған нұсқайтын хадистер келген, солардан: Ахмад пен әт-Термизи Әбу Аюбтан, оған Аллаһ разы болсын, жеткізген хадисте: «Төрт нәрсе елшіліредің сүннеті: сүндеттелу, мисуак, әтір себіну және неке».
Бұлардан алынатын пайда: Әл-Уәнәий айтты: «Егер күйеуі әйеліне мисуак қолдануды бұйырса, мисуак қолдануы уәжіп және сол сияқты егер қожайыны құлына бұйырса. Және жуа және сарымсақ жеген немесе темекі тартқан адам мешітке кіретін болса, мисуак қолдануы керек¹».
Сол кітапшаға қосымша түсіндірме жазған Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи айтты:
¹Бұл әйелі күйеуіне, құл қожайынына бағыну уәжіп бабынан және (мешітке кіретін адам) басқа намазхандарға жаман иіспен зиян келтірмеу бабынан.
3. Мисуакты дәрет алдын пайдалану сүннет пе немесе дәрет кезінде ме?
«Әл-Кифәиә шарх әл-Һидая» кітабында: «Мисуакты дәрет кезінде қолдану сүннет». Солай «Тухфату әл-Фуқаһа» және «Зәдә әл-Фуқаһа» кітаптарында және Шейхул-Ислам «әл-Мабсут» кітабында мисуакты дерет кезінде ауыз шайған уақытта қолдану сүннет деді.
4. Мисуак ұстаудың сипаты (яғни, әдебі):
Мисуакты ұстаудың сипаты туралы жеткен хабарда: Ибн Масғудтан риуаят етілгені бойынша шынашақты мисуактың астына, шылдыр шүмек, ортаңғы және сұқ саусақты үстіне, бас бармақты астына ұстаймыз.
Сосын мисуакты төмен-жоғары емес, енінен пайдаланады. Бұған «әл-Мухит» кітабында ашық сөздер келген. Әбу Нуғайм Айша анамыздан, оған Аллаһ разы болсын, жеткізген хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ мисуакты төмен-жоғыра емес, енінен пайдаланатын».
Кейін тілін сүртіп жібереді. «Әл-Муғни» кітабында: «Мисуакты тісі мен тілін сүртеді». Әбу Муса, оған аллаһ разы болсын, айтты: «Аллаһ Елшісіне ﷺ келіп мсиуакпен (мубарак) тілін сүртіп жатқанын көрдік».
Егер дәрет кезінде мисуак таппай қалса, оның орнына жұқа мата немесе саусақ қолданса болады. Әл-Байһақи ансарлық сахабадан риуаят еткен хадисте: «Уа, Аллаһ Елшісі! Сіз бізді мисуак қолдануға ынталандырдыңыз, енді оның орын басары бар ма? Пайғамбар ﷺ айтты: «Дәрет кезінде саусағың мисуак орынанда! Саусағыңды пайдалан»».
«Нәзік болу себепті әйелдерге мисуактың орнын сағыз басады, бірақ сағызды мисуак ниетімен¹ шайнау керек.
Бұдан алынатын пайда: «Ем ретінде болмаса² ер адамдар үшін сағыз шайнауы мәкруһ, өйткені бұл әйелдерге ұқсау»».
Сол кітапшаға қосымша түсіндірме жазған Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи айтты:
¹Бұл егер қолында мисуак болмаса немесе мисуак қолдану кезінде иектеріне зиян беретін болса, өйткені алдын Айша анамыз мисуак қолданғаны туралы айтылған болатын. Сондықтан миуак қолдану әйелдер үшін де шариғатталған.
²Немесе үйде жалғыз болған кезде секілді адамдар жоқ уақытта сағыз шайнаса болады.
Мисуактың пайдасы өте көп, тіпті кейбір ғалымдар оның алпысқа жуық десе, басқалары тоқсаннан көп пайдасы бар деді (пайдаларынан: Аллаһты разы етеді, ауызды таза қылады, мисуак пайдаланып оқыған намаз мисуаксыз оқыған намаздан жетпіс есе артық, ризықтың келуін жеңілдетеді, қақырықты түсіріп, тісті мықты етеді, көзді жақсартады және дене мен асқазанды мықты қылады, есте сақтауды жақсартады, жүректі тазартады, жүзді нұрландырады, шайтанды ашуландырады, періштелерді қуантады және ең үлкен пайдасы адам тазаланған күйде иманмен жан тапсырады).
6. Мисуакты қай қолмен пайдаланамыз:
Сол кітапшаға қосымша түсіндірме жазған Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи айтты:
«Автор әл-Майдани, Аллаһ оны рақымына алсын, екінші тараудың 52-бетінде миуактың қалай қолданылатыны туралы: «Оны оң қолмен ұстау керек...»¹, - деді. Бұл туралы Ханафи, Малики және Шафиғи ғалымдары бірауызды келіскен. Және көптеген ханбали ғалымдары да осы пікірде.
Ханбалилердің көпшілігі олармен келіспей, мисуакты сол қолмен ұстау керектігін айтты. Олардың арасында бұл пікірді растайтын ең толық мәлімдеме имам және хафиз шейх Ибн Тәймия, Аллаһ оны рақымына алсын, болды. Олар мисуак қолдануды ластықтан тазалану деп санаған. Кейінгі Ханафилердің ішінде ХІ ғасырдағы ғалымдардың бірі Нұх осы көзқарасты ұстанды. Автор (яғни, әл-Майдани) оның сөзін Ибн Масғудтан келтірген дәстүрге қайшы деп есептеп, оны оң қолмен жоғарыда айтылған тәсілмен ұстау керек деп есептеп, оны жоққа шығарды».
¹Өйткені мисуак қолдану ластықтан тазалану емес, сәндену және көркемделу бабынан деген.
7. Мисуакты адамдардың құзырында пайдалану мәселесі:
Имам әс-Синди «Сунан ән-Нәсәиге» жазған түсіндірмесінде басқаша көзқарасты ұстанған. Ол имам ән-Нәсәидің: «Имам өз жамағатының алдында мисуак қолдана алады ма?» деген сөзіне түсініктеме бере айтты: «(Ән-Нәсәи)«Имам» деген сөзді қолдану арқылы мисуакты басқалардың көзінше қолдануды бұл жиіркенішті деп санамайтын адамдармен ғана шектеу керек екеніне ишара бар (аудармашыдан: яғни, егер мисуак қолданған сәтте қасында отырғандар ең жақын адам болу себепті оның мисуак пайдалануынан жиіркенбейді деген кезде ғана пайдаланса рұқсат демекші). Аллаһу Тағала жақсырақ білед».