«Бір-бірімен жарысатын екі адамның шақыруына жауап бермейді және олардың тамағын жемейді».
Хазіретті Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Бір-бірімен жарысатын екі адамның шақыруына жауап бермейді және олардың тамағын жемейді». Имам Ахмад айтты: «Олар мақтану және халық көрсін деп бір-бірімен қонақжайлықта жарысатындар».
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3226) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«( «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Бір-бірімен жарысатын екі адамның) яғни, қонақ шақырауда бір-бірімен жарысып мақтанатындардың (шақыруына жауап бермейді) яғни, біріншісінің де, екіншісінің де шақыруына жауап бермейді, өйткені олардың мақсаты бұзылған, ниеттері жаман (және олардың тамағын жемейді») яғни, егер олардың дастарқанына отырып қалса, тіпті олардың бірі үйге ас беріп жіберсе де, олардың ісін сөгу мақсатында тағамын жемейді. (Имам Ахмад айтты: «Олар мақтану мен халық көрсін деп бір-бірімен қонақжайлықта жарысатындар») яғни, мақтаныш пен халық көрсін деген ниетпен қонақ шақыратындар, жақысылық жасау және қонаққа ілтипат көрстеу ниетімен емес».