Истиғаса
Һинд өлкесінің мухаддисі Шейх Абдул-Хақ әл-Мухаддис әд-Дәһләуй әл-Ханафи (1551 – 1642 жж.м.) «истиғаса» мәселесінде айтты:
«Қабір иелерінен «истимдад» (яғни истиғсаса) мәселесіне келетін болсақ, кейбір фақиһ ғалымдар оны айыптайды. Егер олардың истиғасаны жоққа шығару себебі өлілер келген адамды естімейді деген болса, оның мұң-мұқтажын білуге немесе сезінуге және оның ісін білуге мүмкіндіктерінің болмауына байланысты десе, онда бұл негізсіз¹. Егер бұл жоққа шығару өлілерде біреуге көмектесу үшін күштің жоқтығымен байланысты, өйткені олар басқа бір нәрсе істеуге шамалары жетпейді, (қабірлерінде) өздері белшеден сыналып жатыр десе, онда бұл қабір сынағы әрқашан бола бермейді. Бұл, әсіресе, рухтары барзахта Аллаһқа жақындауға мүмкіндігі бар және оларды зиярат еткендердің дұға-тілектерін сұрауға және олар арқылы тәуассул жасауға мүмкіндігі бар ізгі әулиелерге, Аллаһтың достарына қатысты.
Мен «истимдад» пен «имдадты» теріске шығаратын ададмарды түсінбеймін. Біз (бұл «истиғаса» терминін) былай түсінеміз: мұқтаж адам Аллаһу Тағалаға жалбарынып, Өз мейірімімен мұқтаждығын өтеуін сұрап, әлгі әулиенің рухани дәрежесі арқылы жүгінеді: «Уа, Раббым, Өзің мейірін төгіп, ұлықтаған мына бір салиқалы кісінің берекеті арқылы және оған берген құрметің мен ұлылығың арқылы менің мұқтажымды және тілегімді орындай гөр!».
Немесе Аллаһу Тағала дәрежесін көтерген әулие адамға тікелей: «Уа, Аллаһтың құлы! Ей, Оның жақын құлы, мен үшін шапағат ет, Раббыңнан мен үшін дұға ет және Одан тілегімді қабыл етіп, мұқтаждығымды қанағаттандыруын сұра!». Өтінішпен жүгінген және үміт еткен ризық беруші – бұл Ұлы болған Раббысы, ал олардың арасындағы әулие – делдалдан басқа еш нәрсе емес. Аллаһтан басқа ешкімде күш-қуат пен құдірет жоқ, ал Аллаһтың әулиелері (дербес) күш-қуатқа ие емес.
Әулиелердің рухтарынан «истимдад» (яғни рухани жәрдем алғандар) арқылы кәшф иелері бастан өткерген ғұламаларымыздан және салихтардан жеткен көптеген дәлелдер бар, олар өз еңбектерінде келтірген және бұл еңбектері белгілі, сондықтан бұл еңбектердің бәрін келтірудің қажеті жоқ» («Ламағат ат-Танқих», 7/38-40).
¹Яғни: өлілер естімейді деген көзқарастың еш негізі жоқ дейді.
Истигаса, суджуд, дуа - поклонение илм нет? Мерило развлечения: https://youtu.be/wCgrUq42uwo?feature=shared
قال الشيخ عبد الحق المحدث الدهلوي الحنفي (١٥٥١ – ١٦٤٢ م) المشهور في شرحه على المشكاة باللغة العربية: ((أما الإستمداد بأهل القبور فقد أنكره بعض الفقهاء، فإن كان الإنكار من جهة أنه لا سماع لهم ولا علم ولا شعور بالزائر وأحواله فقد ثبت بطلانه، وإن كان بسبب أنه لا قدرة لهم ولا تصرف في ذلك الموطن حتى يمدوا، بل هم محبوسون عن ذلك ومشتغلون بما عرض لأنفسهم من المحنة ما شغلهم عمن عداهم فلا يرى ذلك كليا، خصوصا في شأن المتقين الذين هم أولياء الله تعالى، فيمكن أن يحصل لأرواحهم عند الرب تعالى من القرب فى البرزخ والمنزلة والقدرة على الشفاعة والدعاء وطلب الحاجات لزائريهم المتوسلين ...وما أدري ما المراد بالإستمداد والإمداد الذي ينفيه المنكر، والذي نفهمه نحن أن الداعي المحتاج الفقير إلى الله يدعو الله ويطلب حاجاته من فضله تعالى ويتوسل بروحانية هذه العبد المقرب المكرم عنده تعالى، ويقول: اللهم ببركة هذا العبد الذي رحمتَه وأكرمتَه وبما لك به من اللطف والكرم اقض حاجتي وأعط سؤلي إنك أنت المعطي الكريم، أو ينادي هذا العبد المقرب عند الله تعالى ويقول: يا عبد الله ويا وليه اشفع لي وادع ربك وسله أن يعطيني سؤلي ويقضي حاجتي، فالمعطي والمسؤول عنه والمأمول به هو الرب تعالى وتقدس، وما العبد فى البين إلا وسيلة، ولا القادر والفاعل والمتصرف إلا هو، وأولياء الله هم الفانون الهالكون في فعله تعالى وقدرته وسطوته...هذا وما ينقل عن المشايخ المكاشفين فى الإستمداد من أرواح الكمل واستفادتهم منهم فخارج عن الحصر مذكور في كتبهم مشهور فيما بينهم لا حاجة أن نذكرها)) (لمعات التنقيح ج٧ ص٣٨ – ٤٠)