Уәдеге тұру және уәдені бұзу мәселесі
«Уәдені орындамау ниетімен уәде беру харам, орындау ниетімен рұқсат. «Әл-Мисбах» кітабында айтты: «Арабтарда уәде беріп, кейін уәдесіне тұрмауды - өтірік, уәдені орындау - жомарттық».
Хазіретті Абдуллаһ ибн Масғуд, Аллаһ одан разы болсын, уәде тек «ин шәә Аллаһ» сөзімен береді деген және сол абзал (яғни, уәде бергенде «ин шәә Аллаһ» сөзін қосу). Пайғамбарымыздың ﷺ: «Мұнафық адамның белгісі, тіпті ол ораза тұтып, намаза оқып және өзін мұслыман деп сенседе: сөйлесе өтірік айтады, уәде берсе уәдесінде тұрмайды, егер аман етіп алса, қиянат жасайды», - деген сөзіне байланысты, егер уәдені орындау ниетімен берсе, онда уәдесін орындаған жөн.
Көпшілік ғалымдардың құзырында уәдені орындау уәжіп емес, бәлки мустахаб және уәдені орындамау мәкруһ тәнзиһ. Бұған Пайғамбарымыздың ﷺ мына сөзі дәлел: «Егер адам уәде берсе және уәдені орындаймын деп ниет етсе, бірақ кейін уәдесінен тайып кетсе (қиындық немесе басқада үзір себепті), онда оған күнә жоқ». Ал имам Ахмад ибн Ханбал, , Аллаһ оны рақымына алсын, мен ханбалилердің құзырында: «Уәдені орындау уәжіп, орындамау харам»».
Фақиһ, шейх Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафи, «әд-Дурару әл-Мубаха», 387-388 бет.