«Шахматты тек күнәһар адам ғана ойнайды»
Ибн Шиһәб Әбу Муса әл-Әшғаридің былай деп айтқаның жеткізді: «Шахматты тек күнәһар адам ғана ойнайды» («Мишкәту әл-Масабих», 4511).
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4511) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
(Ибн Шиһәб) яғни, әз-Зуһри (Әбу Муса әл-Әшғаридің былай деп айтқаның жеткізді: «Шахматты тек күнәһар адам ғана ойнайды») яғни, кез-келген күнәһар адам. Тіпті хадис мауқуф болса да, бірақ үкім марфуғ, өйткені мұндай нәрсені (сахабалар) өз ойынан айтпайды (яғни, сахабалар тек Пайғамбардан ﷺ естігенен ғана айтады) және ақиқатында алда бұл хабарды марфуғ екенін қуаттайтын нәрсе келеді. «Шарху әс-Сунна» кітабында шахматтың рұқсат етілгендігі жөнінде хиләфқа түсті: кейбіреулері рұқсат етті. Өйткені ол соғыс мәселесін түсінуге және жаудың жоспарын білуге көмектеседі деді. Мен (Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди) бұл уәждеріне айтамын: «Бұл дәлелдері мен ақталулары қаншалықты әлсіз және қаншалықты күлкілі, өйткені шахмат ойнауды сөгетін ашық мәтіндер келген және Пайғамбардың ﷺ сахабаларынан шахмат ойнағандығына дәлел жоқ». Олар (шахмат ойнауды рұқсат ететіндер): «Бірақ (шахмат ойнау) үш шартпен (рұқсат): құмар ойнамау, намазды уақытынан кешіктірмеу және тілін арсыздық пен жаман сөзден сақтау. Осылардың бірін табылса, оның әділдігі жойылып, (дін мен дүние мәселесінде) куәлігі қабылданбайды», - деді. Әш-Шәфиғи шахмат пен көгершін ойнауды мәкруһ тәнзиһ деді, ал бір топ білім иелері шахматты нарды сияқты харам деді. Муджаһид: «Барлық құмар ойындар, тіпті жаңғақпен ойнау да харам», - деді. Әл-Мунзири: «Оған рұқсат еткендердің арасында Сәид бин Джубайр мен әш-Шағби болды, ал ханафи мәзһабының ғалымдары шахматты нарды сияқты мәкруһ тахрим деп санады, солай (имам Мухаммадтың) «әл-Джәмиғу ас-Сағир» кітабында: «Шахмат ойнаған адам лағынеттелген, ал шахмат ойнағандарды тамашалаған адам шошқа етін жегенмен тең». Мұны Әбдан Әбу Мусадан, Ибн Хазм Хабба бин Муслимнен мурсал хадис ретінде жеткізген. Ал мурсал хадис көпшілік ғалымдардың құзырында (және ханафилерде) дәлел болып саналады және әртүрлі жеткізу тізбегі бар көптеген хадистер бұл мағынада бір-бірін қуаттайды. Дұрысын Аллаһ білуші.