July 25

«Арасында туысқандық қатынасты үзген адам бар қауымға Аллаһтың рақымы түспейді».

Абдуллаһ ибн Әбу Ауф, Аллаһ одан разы болсын, риуаят етті:
«Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ былай деп айтқанын естідім: «Арасында туысқандық қатынасты үзген адам бар қауымға Аллаһтың рақымы түспейді». Хадисті әл-Байһақи өзінің "Шуғаб әл-Иман" кітабында риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4931) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Абдуллаһ ибн Әбу Ауф) Джуһәни. Ансар сахаба, Ұхұд шайқасына және одан кейінгі шайқастарға қатысқан (Аллаһ одан разы болсын, риуаят етті: «Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін естідім: «Арасында туысқандық қатынасты үзген адам бар қоғамға Аллаһтың рақымы түспейді») әт-Таууарбаштий айтты: «Мұнда «қоғам» деп, сол туыстық байланысты үзуші адамға көмектесетін немесе оның әрекетіне қарсылық білдірмейтін қоғам айтылып тұрған болуы мүмкін. Яғни, олар үндемей, бұзақылыққа жол беретін қоғам. Және, хадистегі «рақымы түспейді» деген сөзбен «жаңбыр» меңзелуі мүмкін. Яғни, туыстық қарым-қатынасты үзген адамның кесірінен бүкіл қоғам Аллаһтың жауын-шашын рақымынан құр қалады».