ӨЛІЛЕР ЕСТЕЙДІ МЕ?
Имам, мухаддис, Құранның көрнекті тәпсіршісі Әбу әл-Фида Ибн Кәсир әш-Шәфиғи әл-Әшғари әд-Димашқи (701-774 һ / 1301-1373 м) Құранның «ар-Рум» сүресінің 53-ші аятының тәпсірінде айтты:
Аллаһу Тағала былай дейді: {Сен үндеуіңді тек (өз бойларындағы һәм жалпы болмыстағы) аяттарымызға, айқын дәлелдерімізге иланатын һәм ақиқатқа мойынсұнатын жандарға ғана естірте аласың} - яғни, бойсұнған күйде ақиқатты тыңдап, оған ереді. Міне, нағыз иман келтіргендер солар, ал біріншілері кәпірлер, Аллаһу Тағала басқа бір аятта: {Анығында, еститіндер ғана шақыруға құлақ асады. Ал өлілерге келсек, Алла оларды қабірде қайта тірілтеді, содан кейін бірі қалмай Аллаға қайтарылады}.
Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) Абдуллаһ ибн Омардың Пайғамбардың ﷺ үш күн өткеннен кейін Бәдір құдығына лақтырылған өлтірілгендерге сөгіс айтып, сөйлегніне жауап ретінде мына аятты дәлел ретінде келтірді: {Сондықтан да (уа, Мұхаммед!) Дауысыңды өлілерге естірте алмайсың}. Тіпті Омар: «Уа, Аллаһтың Елшісі, сіз өліп, шіріп кеткендермен сөйлесесіз бе?» - деп сұрады. Пайғамбар: «Жаным қолында болған Аллаһтың атымен ант етемін, менің айтқанымды олар сендерден жақсы естейді, тек олар жауап бермейді», - деп жауап берді». Айша анамыз, оған Аллаһ разы болсын, бұл сөздерді былай түсіндірді: «Расында, олар қазір менің оларға не айтып тұрғанымды біледі». Ал Қаттада Аллаһу Тағала оларды Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалай ұрысып, сөгетінін естуі үшін оларды қайта тірілткенін айтты.
Ғалымдар Ибн Омардың айтқанын дұрыс/сенімді пікір деп санайды, өйткені көптеген дереккөздерде бұл пікірді қолдайтын көптеген дәлелдер бар. Олардың ең танымалы Ибн Абдул-Баррдың Ибн Аббастан жеткізген сенімді және марфуған деп есептеген риуаят: «Кімде-кім дүниеде танитын мүмін бауырының қабірінің зиярат өтіп, оған сәлем берсе, оның сәлеміне жауап беру үшін Аллаһу Тағала қабірдегі мәйттің рухын қайтарады».
Сондай-ақ, Пайғамбар ﷺ үмметіне жерленгендерге сәлем беруін бекіткен. Қабірді зиярат еткен мұсылман: «Сендерге тыныштық болсын, уа иман келтіргендердің үйлері», - дейді. Сондықтан сіз тек естіп, түсінетіндерге ғана жүгіне аласыз. Егер бұл үндеу болмағанда еді, олар жоққа немесе жансызға теңелетін еді. Бұған барлық сәләфтар келісті.
Расында, өлілер кім оны зиярат ететінін білетінің және оның келуіне қуанатындығы туралы асарлар тауаттур дәрежесіне жетті (яғни, олар сан түрлі жолдармен және көптеген адамдар арқылы келген). Ибн Әбу әд-Дуня зираттар кітабында Айша анамыздан, Алла оған разы болсын, Пайғамбардың ﷺ былай дегенін жеткізеді: «Бауырының қабірін зиярат етіп, қабір басында отырса, мәйт зиярат етушіге жауап беріп, оның келгеніне қуанады». Сондай-ақ Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: «Кімде-кім қабірдің жанына өтсе, қабірдегі адам оны таниды. Ал егер сәлем берсе, оған жауап береді».
Ибн Әбу әд-Дуня Ассим әл-Джәдри әулетінен бір кісіден былай дегенін жеткізеді: «Мен Ассим әл-Джәдри қайтыс болғаннан кейін екі жыл өткен соң түсімде көрдім де, одан: «Өлген жоқсың ба?» деп сұрадым. Ол: «Иә, [қайтыс болдым]», - деп жауап берді. Мен: «Қазір қайдасың?» деп сұрадым. Ол: «Жәннәт бақшаларының бірінде. Мен достарыммен әр жұма күні кешке және таңертең Бәкір ибн Абдуллаһ әл-Музаниде жиналып, барлық жаңалықтарыңды білеміз» деді. Мен: «Сендердің денелеріңіз жиналады ма, әлде рухтарыңыз ба?» деп сұрадым. Ол: «Жоқ, біздің денеміз әлдеқашан шіріп кеткен, бірақ жанымыз кездеседі», - деп жауап берді. Мен: «Біздің зиярат еткенімізді білесің бе?» деп сұрадым. Ол: «Бұл туралы жұма күні кешке, жұма күні түстен кейін және сенбі күні күн шыққанға дейін білеміз», - деп жауап берді. Мен: «Бұл тек осы күндерде бола ма, басқа күндері емес пе?» - деп сұрадым. Ол: «Бұл жұма күнінің құрметі және оның ұлылығы», - деп жауап берді».
Сондай-ақ Мухаммад ибн Хусәйн бізге Бәкір ибн Мухаммадтың Хасан әл-Қассабтың былай деп айтқанын жеткізгенін айтты: «Мен әр сенбі күні таңертең Мухаммад ибн Уасиаммен бірге әл-Джәбәнә зиратына баратынбыз, біз қабірлердің жанында тұрып, сәлем беріп, дұға оқып. сосын қайтып оралатын едік. Бірде мен оған дүйсенбіде баруды ұсындым. Ол: «Маған өлгендердің жұма күні, оның алдындағы күні және келесі күндері (бейсенбі және сенбі) өздерін зиярат еткендерді танитыны туралы келді», - деді.
Сондай-ақ Мухаммад бізге Абдул-Азиз ибн Абаннан Суфиян әс-Сәуриден риуаят етті: «Маған Даххактың былай деп айтқаны туралы хабар келді: «Кімде-кім сенбі күні күн шықпай тұрып зиратқа барса, өлгендер оны таниды». Одан: «Қалайша?» деп сұрады. Жұма күнінің құрметіне деп жауап берді.
Мухаммад ибн Хасан Яхя ибн Әбу Бәкірден Фадл ибн әл-Муаффиқ, немере ағасы Суфиян ибн Уяиннен риуаят етеді: «Әкем қайтыс болғанда мен қатты қайғырдым. Мен оның бейітіне күнде баратынмын. Содан біраз уақыт (қанша уақыт екені бір Аллаһ біледі) оған бармадым. Бір күні оның қабіріне келдім, қабірдің жанында отырғанымда ұйқым басып, түс көрдім, түсімде әкемнің бейіті қалай ашылғанын көрдім, ол қабірінде кебінді бір иығына лақтырып отырғандай болды, оның жүзі өлі адамның жүзі секілді еді». Ол әрі қарай: «Мен оны көргенде жылап жібердім. Сонда ол: «Ей, балам, менің қабірімді зиярат етуге не кедергі болды?» – деді. Мен: «Менің келіп жүгенімді білдің бе?» деп сұрадым. Ол былай деп жауап берді: «Сенің әр келгеніңді білеміз. Сен келген сайын мен қуандым; Менің айналамдағылар да сенің дұғаңа қуанатын». Және ол: «Осыдан кейін мен әкемді жиі зиярат етіп тұрдым», - деді.
Мухаммад маған Яхя ибн Бастамнан Осман ибн Суәйд ат-Туфариден оның анасының құлшылықты ықыласпен орындайтының, сол себепті оны рахиба (монахиня) деп атайтынын айтты. Содан кейін ол: «Қайтыс болар алдын, ол басын көтеріп айтты: «Уа, дүниеде де, өлімнен кейін де үміт артқан асыл қазынам, мен өлгеннен кейін мені көмексіз қалдырма және мені ұмытпа» деді. Кейін ол айтты: «Анам қайтыс болғаннан кейін қабірін әр жұма сайын зиярат етіп, Аллаһтан оның және осы зиратта жатқан әрбір адамның күнәларын кешіруін сұрадым. Содан мен оны түсімде көріп: «Ау, анашым, қалайсыз?» - дедім. Ол былай деп жауап берді: «Уа, балам, расында, өлімде үлкен қайғы бар, мен, Аллаһқа шүкір, расында, әдемі барзақтамын, олар маған райханнан болған төсеніш төсейді, жастықтар сундустан және истибрактан (жібектен) жасалған, бұл қайта тірілген күнге дейін жалғасады». Мен одан: «Сізге бірдеңе керек пе?» деп сұрадым. Ол: «Иә», – деп жауап берді. Мен одан не керек деп сұрадым. Анам былай деді: «Бізді зиярат етуді және біз үшін дұға етуді тоқтатпа, ақиқатында, сенің келуің туралы қуанышты хабар бізге әр жұма күні жеткізіледі, ал сен үйден бізді зират етуге шыққан кезде маған: «Ей, Рахиба, бұл сенің ұлың келе жатыр», – дейді, мен болсам қуанамын. Менің айналамда жерленгендер де бұған қуанады».
Ал одан да анық болған нәрсе, өлілер тірі туыстары мен бауырларының жағдайын біледі. Абдуллаһ ибн әл-Мубарак Сәур ибн Язидтен, ол Ибраһим Аюбтан былай дегенін жеткізген: «Тірілердің амалдары өлілерге көрсетіледі, олардың жақсы амалдарын көргенде қуанады, ал жаман істерін көргенде: «Уа, Аллаһ, оларды қайтар», дейді».
Ибн Әбу әд-Дуня Ахмад ибн әл-Хауариден былай дегенін жеткізеді: «Менің бауырым Мухаммад маған былай деді: «Бірде Аббад ибн Аббад Ибраһим Палестинада болған кезде оған келіп: «Маған насихат айт» деді. Ол: «Мен саған не үйрете аламын? Маған тірілердің ісі өлген туыстарына көрсетіледі деген хабар келді. Ендеше, Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сенің қандай амалың көрсетілетніне қара». Ибраһим мұны айтты да, сақалы су болғанша жылады».
Ибн Әбу әд-Дуня Мухаммад ибн Хусәйннан, ол Халид ибн Амр әл-Умәуиден, ол Сақдақ ибн Суләймән әд-Джәфәриден былай деп айтқанын жеткізген: «Менің мінезім нашар болды (ашушаң болдым), әкем қайтыс болғанда, бұрынғы істеген істеріме тәубе еттім. Бірақ бір күні мен қайта бұзылып, түсімде әкемді көрдім, ол маған: «Балам, сенің жақсылықтарыңа қалай қуанатынмын: олар бізге көрсетіліп, амалың тақуалардың амалындай болып көрінді. Бірақ бұл жолы сенен қатты ұялдым. Сенен өтінемін, жанымдағы өлілердің арасында енді мені қорлама», – деді. Сосын былай деді: «Осыдан кейін мен оның таң атқанға дейін былай дұға жасғанын естідім, ол менің Куфада көршім болдым: «Ей, ізгілерді жаратушы, сенен қайтарылмайтын тәубе сұраймын. Уа, тақуаларды тақуа ететін және адасқандарды тура жолға салатын, уа, мейірімділердің ерекше мейірімдісі».
Бұл тарауда (осы тақырыпта) сахабалардан көп асар бар, Аллаһ оларға разы болсын. Абдуллаһ ибн Рауаның туыстарынан болған кейбір ансарлар: «Уа, Аллаһ, мені Абдуллаһ ибн Рауаһтны ұятқа қалдыратын істерден сақтай гөр», - деп дұға ететін. Олар Абдулла ибн Рауаһ шәһид болғаннан кейін осылай дұға жасайтын».
Ислам дінінде өліге сәлем беруді бекіткен, ал сәлемді сезбейтін және танымайтындарға беру ақылға сыймайтын абсурд.
Сондай-ақ, Пайғамбар ﷺ үмбетіне қабірлерді көргенде мына сөздерді айтуды үйретті: «Сәлем сендерге, уа, мүмін қауым жұрты! Біздер де, Алла қаласа, сіздерге қосылармыз. Алладан өзіме де, сіздерге де есендік тілеймін», – бұл естейтін, ақылы бар және жауап беретіндерге сәлемдесу, үндеу, жүгіну, әйтседе сәлеміне жауабын естімеседе. Әрі Аллаһ жақсырақ біледі (Ибн Касир, «Тафсиру әл-Қурани әл-Азим», 30:53.).
Сілтеме: https://darulfikr.ru/articles/koran/slyshat-li-mertvye-tafsir-ibn-kasira/