August 5

«Сендерден біреулеріңнің әйелдерің мешітке баруға рұқсат сұраса, оны тыймасын».

1059. Ибн Омардан риуаят етіледі: Пайғамбар ﷺ айтты: «Сендерден біреулеріңнің әйелдерің мешітке баруға рұқсат сұраса, оны тыймасын». Хадисті Бухари мен Муслим риуаят етті.

1062. Ибн Омардан риуаят етіледі: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Әйелдеріңді мешіттеріңе барудан тыймаңдар. Алайда олардың үйлері — олар үшін жақсырақ». Хадисті Әбу Дәуіт риуаят етті.

Ғұлама мухаддис Абдул-Хақ әд-Дәһләуй әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің әйгілі «Ләмәғату әт-Танқих фи шарх Мишкәту әл-Масабих» (3\203-204) кітабында екі хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(1059. Пайғамбар ﷺ айтты: «Сендерден біреулеріңнің әйелдерің мешітке баруға рұқсат сұраса, оны тыймасын») бұл (яғни, әйелдерді мешітке баруға рұқсат беру) ер адамның назарын тартпайтын, иіс су сеппей және сәнденбей шығатын қарт әйелге қатысты деп түсіндіріледі. Қазіргі заманда әйелдер жамағатпен намаз оқу үшін мешітке шығуы —арсыздықтың кең таралуына байланысты — мәкруһ. Тағы да былай делінген: «Кезінде әйелдердің мешітке барулыраның мақсаты – шариғи ілім үйрену болған». Ал біздің заманда оған қажеттілік жоқ, өйткені шариғи ілімді үйрететіндер көп. Сондықтан олардың үйде отырғандары абзал».

(1062. «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Әйелдеріңді мешіттеріңе барудан тыймаңдар. Алайда олардың үйлері — олар үшін жақсырақ») бұл сөз әйелдер үшін абзалы – үйден шықпау екенін білдіреді. Себебі, жамағатпен намаз оқу – олардың ісі емес, сондықтан олар үшін жамағатқа шығу уәжіп те, бекітілген сүннетте де емес, еркектердегідей».