Имамға ұйыған адам «имамға ұйыдым» деп ниет етуі шарт па?
Хазіретті Әбу Һурайра, Аллаһу Тағала одан разы болсын, Пайғамбардың ﷺ мына сөзін жеткізеді: «Имам оған еру үшін тағайындалды, сондықтан сендер имамға қайшы келмеңіздер» («Сахих» әл-Бухари және Муслим).
Хазіретті Джабир, Аллаһу Тағала одан разы болсын, айтты: «Пайғамбар ﷺ айтты: «Иман намаздарыңа кепіл, Ол не істесе соны істеңдер». Хадисті ат-Табари өзінің «әл-Әусат» кітабында жеткізді және хадистің тізбегінде Имам Ахмад әлсізге шығарған Кағб ибн Мәликтің баласы Муса ибн Шәйбәһ бар, Аллаһу Тағала олардан разы болсын. Бірақ Әбу Хатим мен Ибн Маджа ол кісіні сенімді деді. Және әл-Бәззар сенімді тізбекпен хазіретті Әбу Һурайрадан марфуғ хадис риуаят етеді: «Имам кепіл, азаншы сенімді».
«Пайғамбардың ﷺ «имам оған еру үшін тағайындалды» деген сөзі - имамға ұйыған адам үшін имамға еру міндет деген және бұл имамға ұйыған адамның ісі. Өйткені алдын Пайғамбардың ﷺ: «Әрбір амал ниетке байланысты», яғни: сауабы ниетке байланысты деген сөзі келген еді. Имамға ұюдан басқа еш нәрсені мақсат етпейді. (Өйткені) әрбір нәрсе егер мақсатынан айрылса, ол жарамсыз болып табылады. Имамға ұйыған адам міндетті түрде ұйыдым деп ниет етуі керек, (өйткені) ниет ұюшы адамның намазының дұрыс болуы үшін шарт. Бұл Әбу ханифа мен оның шәкірттерінің ұстанымы.
«Имам намаздарыңа кепіл» деген сөз - ұюшы адам имамға ұю үшін ниет ету шарт екендігіне дәлел. Өйткені имам артында ұйып тұрған жамағаттың намазына кепіл\жауапты және жамағаттың намазы имамның намазына тікелей байланысты (яғни, имам намазды бұзса, жамағатта бұзады) болғандықтан, ұюшы адам имамға ұйыдым деп ниет етуі міндетті.
Имам Мухаммадтың «әл-Асар» (29 бет) кітабында: «Әбу Ханифа өзінің ұстазы Хаммадтан, ол өз кезегінде Ибраһим (ән-Нәхәғидің) былай деп айтқанын жеткізеді: «Егер адам мешітке келіп, жамағат намазына қосылса және олар оқып тұрған намазға ниет етпесе, намазы дұрыс емес. Егер имам намазға ниет етсе және артында ұйып тұрған жамағат басқа намазға ниет етіп ұйса: имамның намазы дұрыс, жамағаттың намазы дұрыс емес». Имам Мухаммад айтты: «Біз осыны ұстанамыз және бұл Әбу Ханифаның ұстанымы». Мен (Шейх Ахмад Зафар әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди) айтамын: «Пайғамбардың ﷺ: «Имам оған еру үшін тағайындалды, сондықтан сендер имамға қайшы келмеңіздер» деген хадисі - имам мен артында ұйып тұрған жамағаттың ниеттері бір болу міндет екендігіне анық дәлел».
Шейх Ахмад Зафар әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди «Иғлә әс-Сунан» (4\175).