October 29

Шұлық пен аяқкиімге мәсіх тарту бабы.

Бізге Һәннад және Махмуд ибн Ғайлан, олар Уәкиғтен, ол Суфияннан, ол Әбу Қайстен, ол Һузәйл ибн Шурахилден, ол Муғира ибн Шуғбаның былай деп атйқаның жеткізді: «Пайғамбарымыз ﷺ дәрет алып, шұлық пен аяқкиімге мәсіх тартты».

Әбу Иса әт-Тирмизи айтты: «Бұл — хасан сахих хадис және бұл көптеген ілім иелерінің пікірі. Осылай Суфиян әс-Сәури, Ибн әл-Мубәрак, әш-Шәфиғи, Ахмад және Исхақ айтты. Олар: «Шұлық теріден жасалмаса да, егер олар қалың болса, оларға мәсіх тартуға болады» — деп айтқан.

Бұл тақырыпта Әбу Муса әл-Әшғари тарапынан да хадис риуаят етілген.

Әбу Иса әт-Тирмизи айтты: «Мен Салих ибн Мухаммад әт-Тирмизидің былай деп айтақының естідім: «Мен Әбу Муқатил әс-Самарқандиден естідім, ол былай деді: «Мен Әбу Ханифаның қайтыс болар алдындағы науқасы кезінде жанына кірдім. Ол су сұрап алды да дәрет алды. Аяғында екі шұлық бар еді, соған мәсіх тартты. Содан кейін былай деді: «Бүгін мен бұрын-соңды істемеген бір нәрсе жасадым: шұлыққа¹ мәсіх тарттым, ал олардың табаны теріден жасалмаған шұлық еді».

¹Яғни, екі шәкірті Әбу Юсуф пен Мухаммадтың пікіріне қайтып, қалың шұлыққа мәсіх тартқан.

Фақиһ, мухаддис, муфассир Мәуләнә Рашид Ахмад әл-Кәнкуһи әл-Ханафи әл-Матуриди (орыс тілді аудиторияда аль-Гангохи атымен танымал) «әл-Кәукәби әд-Дуррий әлә Джәмиғ әт-Термизи» (1\368-371) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«Яғни, бұл жерде «шұлықпен бірге аяқкиімге мәсіх тартты» деген сөз екі түрлі мағына беруі мүмкін:

Бірінші мағына — Пайғамбарымыз ﷺ шұлықтың үстінен мәсіх тартты, ал сол сәтте аяғында аяқкиімі де болған.

Екінші мағына — мәсіх табаны терімен қапталған шұлықтың үстінен тартылды. Немесе жай шұлықтың үстінен тартылған. Немесе аяқкиімнің үстінен тартылған. Немесе шұлық пен аяқкиімнің екеуіне бірге тартылған.

Екінші көзқарас — бұл ұлы имам Әбу Ханифаның (Аллаһ оған разы болсын) мәзһабы. Бұл көзқарас бойынша, шұлыққа мәсіх тартуға тек мына екі шарт орындалғанда ғана рұқсат етіледі: қалың болуы және табаны терімен қапталған болуы. Ал егер осы екі сипаттың біреуі жоқ болса, екіншісі бар болғанымен, мәсіх тартуға болмайды.

Қорытындылай келе, бұл көзқарас бойынша шұлыққа мәсіх тарту үшін міндетті түрде әрі қалың, әрі табаны терімен қапталған болуы шарт (кейін бұл көзқарасынан бас тартып, шәкірттері Әбу Юсуф пен Мухаммадтың көзқарасын құптаған).

Үшінші көзқарас — Имам Әбу Ханифаның екі шәкіртінің (Әбу Юсуф пен Мухаммад), сондай-ақ Имам Шәфиғи, Ахмад және Исхақтың мәзһабы. Бұл көзқарас бойынша, егер шұлық қалың болса немесе табаны терімен қапталған болса, оларға мәсіх тартуға болады.

Бұл соңғы көзқарастың түйіні мынада: қалыңдық және табанның терімен қапталуының кез келгені мәсіхке рұқсат беру үшін жеткілікті.

Осылайша, бұл үш мәзһабтың ғалымдарының әрқайсысы жоғарыдағы хадисті өз пікіріне сай тәпсірлеген. Заһири мәзһабының өкілдері болса: «(хадистегі шұлық пен аяқкиімге дегендегі) «пен» сөзі өз бастапқы мағынасында, яғни жай жалғаушы» деген. Бұл — тура сыртқы мағына (яғни, Пайғамбарымыз ﷺ шұлыққа да, аяқкиімге де жеке-жеке мәсіх тартты дейді. Олар сөздің сыртқы мағынасына ғана сүйеніп, ішкі мағына немесе аяқ киім тобықты жабу керек немесе шұлық қалың болу керек деген секілді шарттарға мән бермейді).

Басқа ғалымдар бұл хадисті былай түсіндірген: Пайғамбарымыз шұлыққа мәсіх тартты. Ал барша мәзһаб ғалымдарының иджмасы (бір ауыздан келісімі бойынша), мәсіх тек қалың шұлыққа ғана рұқсат етіледі. Сондықтан хадистегі «шұлық» сөзі солай шектеліп түсіндірілуі керек — бұл иджмаға (келісілген қағидаға) қайшы келмес үшін.

Ал «аяқкиім» сөзі жеке қарастырылса, табаны терімен қапталған аяқкиімді білдіреді. Бұл хадис, сол күйінде қаралса, қалың болмаса да, табаны терімен қапталған шұлыққа мәсіх тартуға болады дегенді білдіріп тұр.

Бұдан бұрын айтылған түсініктеме (яғни, шұлық қалың әрі табанды болуы керек) — барлық мәзһабтарға сай келетін пікір, өйткені бұл жағдайда мәсіхтің саусақпен жасалатын бөлігі кейде аяқкиімнің бауымен жабылып тұрса да, бұл сүннетке де, уәжіпке де қайшы келмейді (яғни, аяқкиімнің бауы мәсіге кедергі емес демекші).

Бұл хадистің тағы бір түсінігі бар: Пайғамбарымыз ﷺ шұлыққа да, аяқкиімге де (яғни, ешқандай шартсыз шұлықтың өзіне немесе тек аяқкиімнің өзіне) мәсіх тартқан. Бірақ бұл көзқарасты заһири² мәзһабынан басқа ешкім ұстанбаған және біз үшін бұл үкімнің күші жойылған».

²«Заһири» мәзһабы — «сыртқы мағынамен шектелуші», «мәтіннің тек сыртқы жағын негіз етушілер». Бұл мәзһаб аяттар мен хадистердің тек сыртқы, тілдік мағынасына сүйеніп, жасырын мағыналарын немесе қияс (аналогия) сияқты Құран мен хадисті түсінуге арналған шариғи құралдарды қабылдамайды.