December 21, 2024

Уаһаби-хашауилердің күмәндарына жауап

● Бидғатшылар өздерінің бұзық сенімін ақтау үшін Имам әл-Әузағидің мына сөзін дәлел ретінде алады: «Біз де, тәбиғиндер де: «Расында, Аллаһу Тағала Аршысында», - деп айтамыз.

Бұл риуаятқа жауап екі тараптан болады: біріншісі: жеткізу тізбегі жағынан, екіншісі: мәтін жағынан.

Риуаят тізбегіне келетін болсақ: риуаятта Мухаммад бин Кәсир әл-Миссисий. Ол туралы мухаддистер:

  1. Имам Ахмад оны өте әлсіз деп санап, ол туралы: «Оның хадистері тасталған және ол теріске шығарылған нәрселер риуаят етеді». Және тағы айтты: «Мухаммед бин Кәсир менің құзырымда сенімсіз адам». «Ол еш нәрсе емес және ол еш негізі жоқ теріске шығарылған нәрселер риуаят етеді».
  2. Ибн әл-Мәдини: «Мен бұл шейхті көргім келетін, бірақ қазір оны көргім келмейді».
  3. Әбу Хатим былай деген: «Оның риуаят еткен хадисінде кейбір теріске шығарылған хадистер бар».
  4. Әл-Бухари: «Ол өте жұмсақ».
  5. Салих бин Мухаммад әл-Хафиз: «Ол шыншыл және көп қателеседі».
  6. Әл-Аджри Әбу Дәуіттің ол туралы былай дегенін жеткізген: «Ол хадисті түсінбейтін».
  7. Ибн Ади былай деді: «Оның Муаммар мен Әл-Әузаиден, әсіресе Ғаддад туралы риуаяттары бар және ол риуаяттарға оған ешкім ермейді».
  8. Ибн Хиббан мұны «Әт-Сиқатта» келтіріп: «Ол қателесуші және біртүрлі риуаяттар жеткізуші».
  9. Ибн Саад: «Ол сенімді адам, бірақ өмірінің соңында бәрін араластырып жібергенің айтады.
    Қараңыз: «Тәһзиб әл-Кәмәл».

Ей, риуаяттардың тек сахихын ұстанамын дейтіңдер әл-Әузағиден риуаят етуші адам риуаятты түсінбей тұрып, Құран мен сүннет және ақылдың түпкілікті негізіне қайшы келетін риуаятқа сүйенуге қорқпайсың ба?

Ал мәтінге келсек, Құран да, сүннетте де Аллаһу Тағала Арштың үстінде екендігі айтылмаған.

● Олардың Ибн Масудтан, Аллаһу Тағала оған разы болсын, риуаят еткені: «Аршы судың үстінде, Аллаһ Арштың үстінде, әрі Ол сенің не үстінде екеніңді біледі». Риуаяттың тізбегінде Асим ибн Бәһдәлә бар.

  1. Ибн Хараш ол туралы айтты: «Оның хадисінде қайтарылған нәрсе зат бар».
  2. Әбу Джафар әл-Ғуқайли айтты: «Онда нашар жаттаудан басқа ештеңе жоқ еді».
  3. Әд-Дарақутни айтты: «Оның жаттауында бір кемшілік бар».
  4. Әл-Аджли айтты: «Ол жайында Зарр мен Әбу Уәил туралы хиләф болды. Ал оның бұл жердегі риуаятында Зәррден келген риуаят».
  5. Яқуб бин Суфиян: «Оның хадисінде шатасу бар, бірақ ол сенімді».
  6. Әбу Хатим былай деді: «Ол сенімді және хафиз» деп айту орынды емес. Ол туралы Ибн Әлия айтты да: «Асым есімділердің бәрінің есте сақтау қабілеті нашар болатын».
    Сондай-ақ: «Менің ойымша, ол шыншыл, хадистері жақсы, бірақ ол хафиз емес еді».
  7. Ибн Саад: «Ол сенімді еді, бірақ хадисінде көп қателіктер жіберді», - деген.
  8. Ән-Нәсаи бұл туралы: «Олда ешқандай әбестік жоқ».
    Қараңыз: «Тәһзиб әл-Кәмәл» және «Тәһзиб әт-Тәһзиб».

Ей, ақыл иелері, уаһаб-хашауилер өз бұзық сенімдерінің дұрыс екенін дәлелдеу үшін нені дәлел етіп, қарапайым халықты қалай шатастырып жүргенін енді түсінген боларсыз?!!!

Шейх Нидал Әәлиһи Рашши әл-Ханафи әл-Матуриди حفظه الله تعالى

"كشفُ شبهةٍ"

يدندن المبتدعة ويتبجحون مستدلين على فاسد اعتقادهم بما يروى عن الإمام الأوزاعي أنه قال: "كُنَّا وَالتَّابِعُونَ مُتَوَافِرُونَ نَقُولُ: إِنَّ اللَّهَ عَلَى عَرْشِهِ".

والجواب عن هذه الرواية من جهتين: الأولى: من جهة السند، والثانية: من جهة المتن.

أما السند: ففيه محمد بن كثير المِصِّيصِيُّ:

ضَعَّفه الإمام أحمد جداً، وقال فيه: هو منكر الحديث، يروي أشياء منكرة، وقال أيضاً: مُحَمَّد بن كثير لم يكن عندي ثقة، وقال فيه: ليس بشيء، يحدِّث بأحاديث مناكير، ليس لها أصل.

وقال ابن المديني: كنت أشتهي أن أرى هذا الشيخ، فالآن لا أحِبُّ أن أراه.

.وقال فيه أبو حاتم: وفي حديثه بعض الإنكار.

وقال البخاري: َليِّنٌ جداً.

وقال صالح بن محمد الحافظ: صدوق، كثير الخطأ.

ونقل الآجري عن أبي داود أنه قال فيه: لم يكن يفهم الحديث.

وقال ابن عدي: له روايات عن معمر والأوزاعي خاصة عداد لا يتابعه عليها أحد.

وذكره ابن حبان في الثقات، وقال: يُخطئ ويُغرب.

وقال ابن سعد: ثقة، ويذكرون أنه اختلط في آخر عمره. اهـ، انظر: "تهذيب الكمال".

فيا أيها المدعون الأخذ بصحيح الأسانيد ألا تتقون الله تعالى، رجل هذا حاله من قبل حفظه وفهمه تثبتون بنقله عقيدة تخالف قطعي الكتاب، والسنة، والعقل ؟!!!

وأما من جهة المتن فلم يأت في الكتاب ولا في السنة أن الله تعالى فوق العرش.

وما يروونه عن ابن مسعود رضي الله تعالى عنه أنه قال: "والْعَرْشُ عَلَى الْمَاءِ، وَاللَّهُ
فَوْقَ الْعَرْشِ، وَهُوَ يَعْلَمُ مَا أَنْتُم عَلَيْهِ"، ففي سنده عاصم بن بهدلة، وهو ابن أبي النجود.

قال ابن خراش: في حديثه نُكْرة.

وقال أبو جعفر العقيلي: لم يكن فيه إلا سوء الحفظ.

وقال الدارقطني: في حفظه شيء.

وقال العجلي: وكان يختلف عليه في زر وأبي وائل. وروايته هنا عن زر.

وقال يعقوب بن سفيان: في حديثه اضطراب، وهو ثقة.

وقال أبو حاتم: وليس محله أن يقال: هو ثقة، ولم يكن بالحافظ، وقد تكلم فيه ابن علية فقال: كان كل من كان اسمه عاصم سيء الحفظ.

وقال أيضاً: محله عندي محل الصدق، صالح الحديث، ولم يكن بذاك الحافظ.

وقال ابن سعد: كان ثقة، إلا أنه كان كثير الخطأ في حديثه.

قَال فيه النَّسَائي: ليس به بأس. اهـ، "انظر: "تهذيب
الكمال، وتهذيب التهذيب".

فهل علمتم يا أيها العقلاء بم يستدل الحشوية على إثبات فاسد اعتقادهم، وكيف يُلَبِّسُونَ على العامَّة ؟!!!

العلامة الشيخ نضال آله رشي الحنفي