Yesterday

«Кім имамға ұйып, жамағатпен намазды әдейі дәретсіз оқыса, күпірлікке түседі».

«Әл-Фатауа әс-суғра» мен «әл-Жауәһир» кітаптарында былай делінген: «Кім имамға ұйып, жамағатпен намазды әдейі дәретсіз оқыса, күпірлікке түседі». Бұған қатысты айтарымыз: имамға ұйып, жамағатпен оқу деген шарттың не үшін қойылғаны түсініксіз. Сондай-ақ дәретсіз намаз оқу — күнә. Сондықтан адам оны халал деп санаған жағдайда ғана күпірлікке түсті деуге болады.

Осы екі еңбектегі «Кім әдейі құбыладан басқа жаққа қарап намаз оқыса, күпірлікке түседі» деген сөзге де осы уәж қатысты. Бұл сөзді адамның солай намаз оқуды рұқсат деп санаған немесе оны келеке ету үшін істеген жағдайына қатысты деп түсінуге болады.

Автор әрі қарай: «Сол сияқты, кім құбыланы анықтауға тырысып, дұрыс деп тапқан бағытынан әдейі бұрылып намаз оқыса, күпірлікке түседі», — дейді. Мұндағы ой — ізденіс арқылы дұрыс деп болжанған бағыттың үкімі анық белгілі құбыланың үкімімен бірдей. Бұған да алдыңғы уәж қатысты, әрі бұл жерде күмән одан да басым¹».

¹Адам өзі құбыла деп тапқан бағыттан әдейі бұрылып намаз оқыса, осы әрекетіне қарап оны күпірлікке түсті деуге негіз жеткіліксіз. Алдыңғы жағдайдағыдай, мұндағы күпірлік туралы сөз адамның солай намаз оқуды рұқсат деп санаған немесе намазды келеке ету үшін солай істеген жағдайына қатысты деп түсіндіріледі. Оның үстіне, бұл жерде күмән көбірек, өйткені адамның құбыла деп тапқан бағытының өзі болжамға сүйенеді.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди, «Минхә ар-Рауда әл-Әзһар фи шарх әл-Фиқһу әл-Әкбар», 668 бет.