August 15
«Аллаһ Елшісі ﷺ азат әйелден оның рұқсатынсыз «азыл» жасаудан тыйды».
Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ одан разы болсын) риуаят етіледі: «Аллаһ Елшісі ﷺ азат әйелден оның рұқсатынсыз «азыл» жасаудан (яғни, шәуетті сыртқа шығарып, жыныстық қатынасты үзуден) тыйды». Хадисті Ибн Мәджә риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3197) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Аллаһ Елшісі ﷺ азат әйелден оның рұқсатынсыз) яғни, әйелдің ақысы не жыныстық қатынастан алатын ләззатына, не бала сүю мен жұбайлық өмірден қуаныш көруіне байланысты болғандықтан («азыл» жасаудан (яғни, шәуетті сыртқа шығарып, жыныстық қатынасты үзуден) тыйды»).