May 4

– Уа, Аллаһ Елшісі! Жақсылықты кімге жасауым керек? – деп сұрағанда, Аллаһ Елшісі ﷺ: – Анаңа. – Кейін кімге? – Анаңа. – Кейін кімге? – Анаңа.

Бізге Мухаммад ибн Башшар, ол Яхя ибн Сәғидтен, ол Бәһз ибн Хакимнен, ол әкесінен, ол атасының: «Мен: – Уа, Аллаһ Елшісі! Жақсылықты кімге жасауым керек? – деп сұрағанда, Аллаһ Елшісі ﷺ: – Анаңа. – Кейін кімге? – Анаңа. – Кейін кімге? – Анаңа. – Кейін кімге? – Әкеңе, кейін жақынырағына, кейін жақыныңа, – деп жауап бергенін жеткізеді» (Әт-Термизи, 1897).

Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (7/7) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«Бірінші анаға мейірімділік көрсетуге лайықтырақ, сосын әкесі, содан кейін ең жақын туыстары, содан кейін басқа туыстары. Бұл Пайғамбардың ﷺ: «Анаңа, анаңа, сосын анаңа, содан кейін әкеңе, сосын жақынырағына, сосын жақыныңа» деген сөздерімен дәлелденген. Хадисте ана мейірімге көбірек лайық екеніне шақырады, одан кейін әке, одан кейін ең жақынырағы, сосын жақыны және хадисте үш рет «анаңа» деп айтылу себебі, өйткені ана үш нәрсемен ерекшеленеді – жүктіліктен шаршау, босанудың қиындығы, емізудің уайымы. Және Ханафи мәзһабы да «Мириқат әл-Мәфәтих» кітабында айтылғандай дейді: «Ән-Нәуәуидің «Шарху Муслим» кітабында: «Хадисте туысқандарға мейірімді болуға және солардың ішінде ананың бұған лайықтырақ екеніне шақырады, одан кейін әке, одан кейін ең жақындар, содан кейін жақын туыстар. Ғалымдар айтты: «Анаға артықшылық беруінің себебі – оның көп шаршауы, баласына көп мейірім беруі және балаға көп қызметі». Мен (ән-Нәуәуи) айтамын: «Аллаһу Тағаланың: ﴾Анасы оны қинала жүріп (бірнеше ай) көтерді һәм қиналып босанды. Оның ана құрсағында жатуы мен емшектен шығуы (ең кемінде) отыз айға созылды﴿ [«Ахқаф»: 15] деген сөзінде бұл (жоғарыда айтылған) түсіндірмеге ишара бар. Сондықтан хадисте жақсылық жасауда анаға деп үш рет айтылуы, өйткені анаға ғана тән үш нәрсе бар: жүктіліктен шаршау, босанудың қиындығы, емізудің уайымы».