August 9

Аллаһ Елшісі ﷺ кесірткені өлтіруге бұйырды.

Умм Шәрик, Аллаһ одан разы болсын, риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ кесірткені өлтіруге бұйырды да: «Ол Ибраһим пайғамбарға үрлеген еді», – деді». Хадисті Бұхари мен Муслим риуаят еткен.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4119) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Умм Шәрик, Аллаһ одан разы болсын, риуаят еткен хадисте) құрайыштық, Амирия тайпасынан. Сахаба болған немесе бұл ансарлық Умм Шәрик. Аллаһ жақсырақ біледі: («Аллаһ Елшісі ﷺ кесірткені өлтіруге бұйырды да): бұл — зиянды жәндік, үлкен түрі гекко (арабтар гекконы «алапес бүлдіруші»¹ деп атайды). Ибн әл-Мәлик осылай түсіндірген. «Ән-Ниһая» кітабында: ««Бүлдіруші алапес» деп аталатын жәндік» делінген: («Ол) яғни, гекко (Ибраһим пайғамбарға үрлеген еді», – деді») яғни, (Ибраһим пайғамбарды отқа тастаған кезде) астындағы отты үрлеген. Қазы Ғйяд айтты: «Ол (гекко) зиянкестікте сондай дәрежеге жетті, тіпті шайтан оны пайдалана бастаған. Сөйтіп, ол Аллаһтың сүйіктісі (Ибраһим пайғамбар), оған Аллаһтың сәлемі болсын, тасталған отқа үрлеп, оның жалынның күшеюіне ұмтылады. Жалпы алғанда, бұл — бүлдіруші әрі зиянды жәндіктердің қатарынан». Ибн әл-Мәлик айтты: «Гекконың әдеттерінің бірі — тамақты, әсіресе тұзды бұзу. Егер тағамды бұзудың жолын таппаса, төбеге шығып, нәжісін дәл сол тұсқа тастайды». Хадисте бұл жәндіктің асыл табиғаты — зиян тигізу екендігі баяндалған. (Хадисті Бухари мен Муслим риуаят еткен)».

¹ Арабтар гекконың терісінде ақ және сары дақтар болғандықтан «алапес», табиғаты зиян беру болғандықтан «бүлдіруші», яғни, «алапес бүлдіруші» деп атап кеткен.