Намазда сәлем берудің сипаты
• (Сосын оң жағына) арттағы адамға бетінің ағарғаны көрінгенше бұрылып («әссәләәму әлейкум уә рахматуллаһ» – деп сәлем береді). Және «уә бәракәтуһ» – деп қоспайды, өйткені бұл Пайғамбардың ﷺ сүннетінен жетпеген, ал әл-Хадади бұл қоспаны айту – мәкруһ екенін ашық мәлімдеген.
Содан соң (сол жағына дәл солай сәлем береді), бұл да жоғарыдағыдай сәлем болып табылады. Және екінші сәлемді біріншіге қарағанда бәсеңірек айту – сүннет.
(Бірінші сәлем бергенде) оң жағындағы еркектерге, әйелдерге және сақтаушы періштелерге ниет етеді, сол сияқты сол жағындағы еркектерге, әйелдерге және сақтаушы періштелерге де ниет етеді. Өйткені: «Амалдар ниетке байланысты».
• «Әт-Тасхих» кітабында былай делінеді: «Муқтади (жамағатқа ұйыған адам) сәлем беру мәселесінде ғалымдар пікірталасқа түскен: Әбу Юсуф пен Мухаммадтың көзқарасы бойынша – имам сәлем берген соң сәлем береді. Имам Әбу Ханифадан бұл жайында екі риуаят келген».
Фақиһ Әбу Джағфар айтты: «(Әбу Юсуф пен Мухаммадтың пікірі) таңдалған пікір – муқтади (имамға ұйыған адам) имам оң жағына сәлемін аяқтағаның күтіп, имам оң жаққа сәлемін аяқтаған кезде муқтади оң жағына сәлем береді; сосын имам сол жағымен сәлемін аяқтағанда, муқтади де сол жағына сәлем береді».
Имам Абдул-Ғани әл-Ғунайми әл-Майдани, «әл-Любәб фи шарх әл-Китаб» кітабы (намаз бабы).