September 5

﴾Аллаһты және елшісін ренжіткендерді Аллаһ бұл дүниеде де, ақиретте де лағынеттеді һәм оларды қор қылатын азап дайындап қойды﴿

﴾Аллаһты және елшісін ренжіткендерді Аллаһ бұл дүниеде де, ақиретте де лағынеттеді һәм оларды қор қылатын азап дайындап қойды﴿ («әл-Ахзаб» сүресі, 56 аят).

Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:

«Бұл аят туралы ғалымдар әртүрлі пікір айтқан. Кейбіреулердің айтуынша, аят яһудилерге қатысты түскен. Себебі олар: «Аллаһ – кедей, біз – баймыз», «Аллаһтың қолы байлаулы» деген секілді сөздер айтқан.

Басқа бір топ ғалым бұл аят христиандар жайлы да түскен дейді. Өйткені олар: ﴾Мәсіх – Аллаһтың ұлы﴿, ﴾Ол – Үштің үшіншісі﴿ деп айтқан.

Сондай-ақ аяттың мағынасына араб мүшріктері де кіреді. Олар: «Періштелер – Аллаһтың қыздары», «Пұттар – құдайлар» деген секілді серік қосу сөздер айтқан.

Ал Аллаһ Елшісіне ﷺ жасаған қорлықтарына келсек: Оның жүзін жаралау, тісін сындыру, «жынды», «сиқыршы» деп тіл тигізу және басқа да жала-жаппалар – мұның бәрі осы аяттың аясына кіреді.

Сол себепті Аллаһ бұл аятты түсіріп, былай деді: ﴾Аллаһты және елшісін ренжіткендерді Аллаһ бұл дүниеде де, ақиретте де лағынеттеді һәм оларды қор қылатын азап дайындап қойды﴿. Яғни, Аллаһ оларды екі дүниеде де душар салды.

Олар үшін бұл дүниедегі азап: Араб мүшріктерін Бәдірде қылышпен өлтірілуі, кітап иелеріне (яһудилер мен христиандарға) қияметке дейін жизья салығын салуы жатады. Ал ақыреттегі азап – тозақ оты..

Тағы бір пікір бойынша: Бұл аят бейнелер мен мүсіндер жасайтындар туралы. Олардың да жазасы – жоғарыда айтылған азап».