{Сонда Алла (Ібіліске): «Әй, Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма (сәжде ет деп бұйырғанымда оған сәжде етуіңе) не кедергі болды (сәжде етпей сені не қара басты)?!...»} («Сад», 75 аят).
Имам әс-Сануси өзінің «Шарху әл-Уста» (186 бет) кітабында аяттың тәпсірінде айтты:
«Аятта «екі қол» деп келуінің хикметіне келетін болсақ: «Аллаһу Тағала Адам атаны өз құдіретімен жаратты, өйткені араб тілінде «қол» сөзі құдірет мағынасын береді, және Адам атаға тура жол мен басқа да сансыз нығметтер берді, сондай-ақ араб тілінде «қол» сөзі нығмет мағынасында да береді. Сондықтан аятта «екі қол» сөзі «құдірет» және «нығмет» деген мағынада болуы әбден мүмкін, дұрысын Аллаһу Тағала білуші.
Және бұл аятта шайтанды сөгу бар. Өйткені шайтанды жаратқанда «екі қол» сөзі емес, тек «қол» деп ғана келеді. Бұл жердегі мағына тек құдірет мағынасында. Өйткені Аллаһу Тағала оны құдіретімен жаратып, оған тура жол мен бақыт нығметтерін бермей, бәлки мәңгілік бақытсыздыққа ұшырағандардың қатарына қосты».
Сонда Имам әс-Санусидің тәпсірі бойынша жоғардағы аяттың мағынасын: «Әй, Ібіліс! Құдіретімен жаратып, нығметіме бөлеген жаратылысыма (сәжде етуіңе) не кедергі болды?».