August 31

Ілім алудың раббани жолы әрі тура әдісі.

Пайғамбарлық әдістегі ілім талап етудің әдебіне сай ғылыми жол — ілімді ғалымдардан үйреніп, олармен бірге отырып, үнемі сұхбатында болған адамның іліммен бірге әдептілікті, кішіпейілділікті және ілім мен ғалымдарға құрмет көрсетуді де бойына сіңіруі. Ол ілімді қадірлеу мен ұлықтауды үйренеді. Бұл — Раббани жол әрі тура әдіс.

Бұл жолдың бір ерекшелігі — адамның ілімі мен танымы артқан сайын, оның әдебі мен кішіпейілділігі де арта түседі, сондай-ақ өзінің дәрменсіздігі мен білімінің аздығын көбірек мойындайды.

Ал ілім алудың қазіргі зайырлы әдісі адамды өз біліміне тәкаппарланып, танымына мастануға жетелейді. Ал жүрегінде тозаңның түйіріндей тәкаппарлығы бар адам Жәннатқа кірмейді.

Кім біліміне мастанып немесе танымына тәкаппарланса, ілімнің берекесінен, әдептің ләззатынан, кішіпейілділіктің асыл қасиетінен және ілімін одан әрі арттыруға деген құштарлықтан мақұрым қалып, бақытсыздыққа ұшырайды. Мұның бәрі оның ілгерілеуіне және білімін арттыруына кедергі болады.

Шейх Мухаммад Ильяс әл-Ханафи әл-Матуридидің насихаттары мен тәлім-тәрбиелік өсиеттерінің жинағы.