Мухаммад ибн абдул-Уаһаб ән-Нәжди - жалған қиялдар мен жаман/адасушылық сенімнің иесі болды және ол сүннет иелерімен соғысып...
Мухаддис, фақиһ, муфти, шейхул-ислам Хусәйн Ахмад әл-Мәдәни әл-Ханафи әл-Матуриди әд-Диубәнди (1879-1954 жж.), Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, уаһабилерге қарсы жазған өзінің «әш-Шиһәбу әс-Сәқибу» кітабында айтты:
((محمد بن عبد الوهاب النجدي كان يحمل خيالات باطلة، وعقائد فاسدة، وقاتل أهل السنة والجماعة، وقتلهم، وأجبرهم على اعتقاد خيالاته، وغنم أموالهم، ورأى أن قتلهم موجب لرحمة الله، وقد آذى أهل الحرمين أشد الأذى، وكان يسيء القول في السلف الصالح وقد تضايق كثير من أهل الحرمين من إيذائه، فهاجروا، واستشهد بأيدي جنوده آلاف من الناس؛ فالحاصل:
أنه كان ظالما، وباغيا، سفاكا، فاسقا، ولهذا أبغضه العرب كما أبغضوا أتباعه، إلى حد لم يبغضوا اليهو.د، ولا النصارى، ولا المجوس، ولا الهندوك؛ نعم يجب بغضهم وعداوتهم لما صدر منهم من أنواع الإيذاء لهم ... ؛ إن بين عقائدنا، وعقائد أكابرنا [الديوبندية]، وبين عقائد الوهابية بونا بعيدا، وفرقا شاسعا، كما بين السماء والأرض ... ؛ وإليكم بعض الأمثلة من عقائد الوهابية..؛ العقيدة الأولى:
أن محمد بن عبد الوهاب يعتقد أن جميع المسلمين في جميع العالم مشركون وكافرون، وأن قتلهم، وقتالهم، وسلب أموالهم جائز وحلال، بل واجب ... ؛ وأن الشيخ النجدي يعتقد تحريم مناكحتهم ومجالستهم، ويوجب هتك أعراضهم، وإيذاءهم في دينهم، وأنفسهم، وأموالهم)
«Мухаммад ибн Абдул-Уаһаб ән-Нәжди - жалған қиялдар мен жаман/адасушылық сенімнің иесі болды және ол сүннет иелерімен соғысып, оларды өлтірді, оларды өз қиялдарына сенуге мәжбүрлеп, мал-мүліктерін тонады. Сүннет иелерін өлтіру Алланың рақымы деп сенді және ол екі Харам өлкесінің (Мекке мен Мәдина) халқына ең көп зиян келтірді және ол өткен ізгі сәләфтарға тіл тигізді. Екі Харам (Мекке мен Мәдина) өлкесінің көптеген халқы оның зиянына шыдай алмай, басқа өлкелерге көшіп кетті және оның жауынгерлерінің қолынан мыңдаған адамдар шейіт болды. Нәтижесінде: ол залым, қылмыскер, қанішер, пасық болды және осы себепті арабтар еврейлерді де, христиандарды да, мәжустерді де, индустарды да жек көрмейтіндей дәрежеде оның ізбасарларын жек көретін. Иә, оларға жасаған зияны үшін олар жеккөрінішті және дұшпан болуы керек... Біздің сеніміміз бен біздің үлкен Шейхтарымыздың [Диубанди] сенімі мен уаһабилердің сенімі арасында аспан мен жер секілді орасан зор айырмашылық бар... Уаһабилік сенімдердің кейбір мысалы: Мухаммад ибн Абдул-Уаһабтың әлемдегі барлық мұсылмандарды көпқұдайшыл және кәпір деп сенуі, оларды өлтіруді, олармен соғысуды және мал-мүлкін тартып алуды рұқсат және заңды деп сенді, бәлки уәжіп деп санайтын. Нәжд өдкесінің шейхы (яғни, ибн Абдул-Уаһаб) әһлу сүннет иелеріне үйленуге және олармен бірге отыруға тыйым салған және олардың ар-намысын таптап, дінінде, өмірінде және мал-мүлкіне зиян келтіру міндетті деп санады».