﴾(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер. Үнемі жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан тыясыңдар, Аллаһқа кәміл сенесіңдер﴿.
﴾(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер. Үнемі жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан тыясыңдар, Аллаһқа кәміл сенесіңдер﴿. «Әли Имран» сүресі, 110-сүре.
Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:
﴾(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿ — бұл аят бірнеше мағынаны қамтуы мүмкін:
- ﴾Сендер﴿ — яғни, ﴾күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы﴿ үмбетке айналдыңдар, өйткені сендер жаратылысты (тозақтан) құтылуға және жақсылыққа үндей отырып, адамдарға ашық көріндіңдер (шығарылдыңдар).
- Сондай-ақ ﴾(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿ — алдыңғы кітаптарда (Тәурат, Інжіл т.б.): ﴾Үнемі жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан тыясыңдар﴿ - деп жазылған еді деген мағынада деп түсіндірілуі мүмкін.
- Тағы бір мағынасы — ﴾(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿, себебі сендер жақсылыққа бұйырдыңдар және жамандықтан тыйдыңдар.
- Және «﴾Сендер﴿» — «сендер айналдыңдар» деген мағынада. Яғни, ﴾(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы﴿ үмметке айналдыңдар, және олар (мұсылмандар) солай болды да — олар бұрынғы өткен үмбеттерден де қайырлырақ, өйткені олар жандарын Аллаһтың дініне көмектесу жолында, Аллаһтың шариғатын үстем ету жолында аямады, және Аллаһтың Елшісіне ﷺ деген жанашырлық танытты, тіпті олар үшін Пайғамбар ﷺ өз жандарынан да артық, қымбат еді, және олар Оны ﷺ өздерінен де лайықтырақ санады. Ал табыс пен туралықты Аллаһ ғана нәсіп етеді.
Содан кейін «жақсылық» пен «жамандық» ұғымында ғалымдар бірнеше пікір айтты:
- Кейбіреулер былай деді:
Жақсылық — ақылмен көркем, жақсы деп танылған нәрсенің бәрі — жақсылық, ал жамандық — ақылмен жиіркенішті, жаман деп танылған нәрсенің бәрі — жамандық. - Тағы бір мағына — жақсылыққа бұйыру дегеніміз — иманға бұйыру,
ал жамандықтан тыю дегеніміз — күпірліктен тыю.
Бұған дәлел — аяттың жалғасы: ﴾...Аллаһқа кәміл сенесіңдер﴿ дегені. Яғни, олар (мұсылмандар) өздері иман келтірген, әрі басқаларды да иманға шақырған, және күпірлік пен күпір сенімдерден тыйған.
«﴾(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿: Ибн Аббас (Аллаһ одан разы болсын) аятқа қатысты айтты: «Адамдардың ішіндегі ең қайырлысы — адамдарға ең пайдалы болғандары. Ал ﴾Үнемі жақсылыққа шақырып﴿ дегені: адамдарды “Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ” деп куәлік етуге, Аллаһ түсірген нәрсеге иман келтіруге бұйырасыңдар және осы жолда күресесіңдер. “Лә иләһа иллаллаһ” — ең ұлық жақсылық. Ал жамандық — күпірлік, бұл — жамандықтардың ең жаманы».
Әлиден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте айтты:
Пайғамбарымыз ﷺ былай деді: «Маған басқа ешбір пайғамбарға берілмеген нәрселер берілді». Біз: «Уа, Аллаһтың Елшісі ﷺ, ол не нәрсе?» — деп сұрадық. Ол ﷺ былай деді: «Маған (дұшпандардың жүректеріне) үрей (салу) арқылы көмек берілді, жердің (яғни, елдерді жаулап алудың) кілттері берілді, менің атым (алдын ешбір пайғамбар аталмаған) Ахмад деп қойылды, жер мен үшін дәретке (яғни, тайамум соғуға) жарамды таза нәрсе етілді, әрі менің үмметім ең қайырлы үммет етілді».
Шейх (Аллаһ оны рақымына алсын) айтты: ﴾(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер﴿ — бұл аяттың екі түрлі мағынасы бар:
1) ﴾Сендер﴿ дегені — алдыңғы үмбеттерге түскен кітаптарда пайғамбарлардың тілдерімен айтылған ﴾қайырлы үмбетсіңдер﴿ деген мағынада.
2) Сондай-ақ былай деп те түсіндіруге болады: сендер Аллаһтың Елшісіне ﷺ иман келтіріп, оның алып келген шариғатына ергендіктерің себепті, жер бетіндегі ең қайырлы үммет болдыңдар. Ал сендерден бұрынғылар пайғамбарлардың бір бөлігіне иман келтіріп, кейбірін жоққа шығарған еді.
﴾Үнемі жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыясыңдар﴿ деген сөзі үш түрлі мағынада түсіндіріледі:
1. «Жақсылық» — ақылмен (яғни, ақыл-парасат табиғи түрде) жақсы деп танылған нәрсе, ал «жамандық» — ақылмен жек көрінішті, айыпталған нәрсе.
2. «Жақсылық» — аяттар мен дәлелдер арқылы жақсы екені анықталған нәрсе, ал «жамандық» — дәлелдермен жаман екені дәлелденген нәрсе.
3. «Жақсылық» — пайғамбарлардың тілдерімен мақталған нәрсе, ал «жамандық» — олар тарапынан жоққа шығарылып, тыйым салынған нәрсе.
Осы көзқарастардың (түсіндіру жолдарының) барлығына сай аятты тәпсірлеуге болады. Дұрысын Аллаһ жақсырақ білуші».