May 26

«Ең берекелі неке – мәһірі ең жеңіл болғаны».

Айша анамыз айтты: «Пайғамбар ﷺ айтты: «Ең берекелі неке – мәһірі ең жеңіл болғаны». Хадисті әл-Байһақи өзінің «Шуғабу әл-Иман» кітабында риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3097) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Пайғамбар ﷺ айтты: «Ең берекелі неке - мәһірі) және нәпақасы (ең жеңіл болғаны») яғни, мәһірі мен нәпақасы аз болғаны. Бұл – адамның бойындағы қанағатшылдық деген қазынаның белгісі болып табылады».