Некеде жігіт қызға тең болуы негізге алынады
Имам Абдул-Ғани әл-Ғунайми әл-Майдани әл-Ханафидің «әл-Любаб фи шарх әл-Китаб» кітабында («неке» бабы):
«(Некедегі теңдік ер адам тарапы негізге алынады, өйткені шарапатты әйел ұждансыз\арсыз\тексіз\пасық ермен төсектес болуды қаламайды. Сондықтан, некеде теңдікті ескеру өте қажет. Және теңдік әйел тарапынан есепке алынбайды, өйткені ер адамды өзінен төмен болған әйелмен төсектес болу қапаландырмайды. (Өйткені «некедегі теңдіктің» асылы, әйелді пасық\күнәкар ер адамға күйеуге шығу себепті жапа шегуден қорғау. Сондықтан «теңдік» ер адам тарапынан негізге алынады, әйел тараптан емес).
(Егер әйел өзіне тең емес ер адамға күйеуге шығатын болса (және қыздың қамқоршылары оынң күйеуге шыққаның білмесе)), онда қамқоршылар — «ат-Тасхих» «әл-Хуласа» кітабынан — өздерінен масқаралықты кетіру үшін (істі қазыға көтеріп, қазының шешімімен) оларды ажыратуға құқылы.
«Ат-Тасхих» кітабында былай деді: «Бұл жағдай егер әйел босанып қойған болмаса (ал егер босанып немесе жүкті болып қойған болса, онда қыздың қамқоршылары екеуін ажырату үшін қазыға шағымдана алмайды) және бұл заһир риуаятқа негізделген».
Имам ас-Сарахсидің таңдаған пікірі бойынша, теңдік болмаған некенің асылы дұрыс емес (яғни, неке байланбайды).
(Некедегі теңдікте тектілік есепке алынады), өйткені тектілік ол мақтаныш. Құрайыштар бір-біріне тең, қалған арабтар бір-біріне тең, бірақ басқа арабтар құрайштарға тең емес. Араб еместер арабтарға тең емес, бірақ араб еместер бір-бірімен тең.
«(Және некеде ер адамның діндарлығы негізге алынады), сондықтан пасық еркек салиқалы әйелге немесе игі адамның қызына тең емес.
«Әл-Һидая» кітабында былай делінген: «Бұл Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың көзқарасы және бұл дұрыс көзқарас, өйткені діндарлық мақтан тұтуға лайықты ең жоғарғы нәрсе және әйел күйеуінің тегінен гөрі пасықтығынан ұялады\арсынады».
Және күйеу жігіттің дүниесі есепке алынады, бұл: болашақ жарына беретін мәһірі мен нәпәқасы болу.
«Әл-Һидая» кітабында: «Заһир риуаят бойынша осы (мәһір мен нәпәқа бере алатын шамаға ие болу) және бұл жердегі мәһір дегеннің мақсаты: жергілікті жердегі мәһір беру ғұрпы есепке алынады (мысалы, егер қандай-да бір халықтың ғұрпы мәһірді бірден беру болса, онда ер адам әйелге тең болуы үшін сол мәһір мөлшеріне иелік ету керек (мысалы, қыз мәһірге 1000$ сұраса, жігіт сол халде 1000$ иелік ету керек; ал егер халықтың ғұрпы мәһірді бөліп төлеу болса, онда күйеу жігіт бір бөлікке ғана иелік етсе жеткілікті (мысалы, мәһірге 1000$ сұрады, бірақ жергілікті ғұрып бойынша бірінші 500$ береді, кейін қалғанын беретін болса, жігіт 500$ иелік етсе жеткілікті).
Әбу Юсуфтен: Бұл жерде күйеу жігіттің нәпәқа беруге шамасы жету ғана есепке алынады, мәһір емес (бұл пікір біздің мәзһбтың негізгі ұстанымы емес).
Ал байлықтағы теңдекке келсек, байлықта тең болу бұл Әбу Ханфиа мен Мухаммадтың пікірі (бұл пікір де біздің мәзһабтың негізгі ұстанымы емес).
Мен (Қасим әл-Қутлубуға) айтамын: «Бұл (жоғарыдағы Әбу Ханифа мен Мухаммадтың пікірі) заһир риуаятқа қайшы (яғни, біздің мәзһабтың негізгі ұстанымы бойынша, байлық мәселесінде күйеу әйелге тең болуы шарт емес)».
Имам әл-Махбуби айтты: «Мәһір мен нәпақаға иелік еткен ер өте бай әйелге тең болады және осы дұрыс». «Ат-Тасхих» кітабынан».