July 8

Қонақ әдебі

Келген қонаққа асты кешіктірмей беру қонаққа деген құрметтен: Егер бір немесе екі адам кешігіп жатса, онда оларды күтпестен келіп отырған қонаққа асты берген абзал; ал егер кешігіп жатқан адамдар кедей немесе асты оларсыз бастап қойғаны үшін жүректері қайғыратын адамдар болса, онда оларды күтуде әбестік жоқ. Былай деп айтылды: «Үш нәрсе ашуды келтіреді: «Жайбасар елші, жарық бермейтін шырақ және күтілген ас»».

Және әдептен болады: Қонақ өздігінен дастарқан басынан ең жақсы жерді таңдап төрге отырып алмай, бәлки кішіпейілдік танытып (үй иесінің рұқсатын күту керек), шақырған жерге кешігіп (үй иесін) көп күткізбей келу керек және үй иесі қонаққа әлі дайын болмаған уақытта бармаған жөн (яғни, өз уақытында бару керек), адамдар қысылып отырған жерге отырып, оларға ыңғайсыздық танытпай, бәлки үй иесі көрсеткен жерге отырған жөн; егер кейбір қонақтар оған төр жақтан басқа жерге ауысуын өтінсе, онда кішіпейілдік танытып төрден түсіп, басқа жерге отырғаны жөн.

Қонақ тек үй иесінің разылығымен, рұқсатымен және үй иесі оның кетуіне қарсы болмаған уақытта ғана дастарқаннан тұрғаны жөн және үй иесі қонақты отырғызғаннан кейін ғана әңгімені бастаған жөн.

Қонақта асты өз үйінде жеген мөлшерде жейді, өйткені бұл ынсаптық немесе үйде жейтін астан көбірек, өйткені бұл (үй иесінің) игі ниетімен берілген асы. Ал егер одан аз жесе, онда бұл екі жүзділік (өйткені үйінде тамақты асап жейді).

Ас беріп жатқан адамнан: «бэБұл тамақ харам ба, халал ма?» деп сұрамауы керек (сондықтан қонаққа баратын үй халал мен харам мәселесін жақсы ұстанады ма, жоқ па екенін алдын ала біліп алған жөн, өйткені күнімізде адамдар харам мен халалды жақсы ұстанбайды) және егер қонақ басшы\көсем болмаса, онда дастарқанда асты бастайтын жасы үлкен немесе құрметті адам бар кезде ас бастамағаны жөн және (ас бастайтын басшы\көсем немесе үлкен немесе құрметті адам) дастарқан басындағы адамдар асқа дайын болған кезде оларды көп күткізбей асты тездетіп бастағаны жөн.

Және қонақ барған жерінен тұз бен судан басқа тағамға (яғни, көп және жақсы тағамға) дәметпегені жөн және (үй иесі ұсынған) асты айыптамағаны жөн және дастарқанға не қойылса, соны жеп, шүкіршілік етуі керек және қасында ас жеп отырған адамдарға көз салып, оларды бақыламай отырғаны жөн, өйткені олар ұялып қалуы мүмкін, бәлки көзді төмен түсіріп, адам өзімен шұғылдануы керек және егер қасындағы бауырлары асты кейін бастаған болса, онда (асты бұрын бастаған адам) ас жеуді тоқтатпағаны жөн (өйткені кейін бастаған адамдар ұялғаннан ас жемей қалуы мүмкін), бәлки асты кейін бастаған адамдар тойып ішкенге дейін қолын асқа қайта-қайта созып, аз-аздан алып отырады (яғни, ас алып отырған адам секілді кейіп танытады), ал егер ас жеуін тоқтату керек болса, онда ас жеп отырған адамдарды ыңғайсыз қалдырмауы үшін үзірін айтып тоқтатады.

Үйге келген қонақ (әйелдер көрініп қалу қауіпі болғандықтан) әйелдер отырған бөлмеге қарсы бетте отырмағаны жөн және сол сияқты тағам алып келетін бөлмеге көп қарай бермегені жөн, өйткені бұл жаман адамның белгісі.

Және басқа адамдар көрсін деген ниетпен дастарқанда өзіне ұнаған тамақты жемей ысырып қоймағаны жөн, өйткені бұл жасанды нәрсе\көзбояушылық. Қонақ өзге үйде өзін қалыпты жағдайда ұстауы керек, бәлки адамдар арасында жасанды болмауы үшін өзі қалған сәтте әдеп танытуы керек (яғни, адам үйде қандай болса, сыртта да өзін солай ұстау керек).

Дастарқанда басқа адамдар ұнатпайтын нәрсені істемеген жөн: ортақ ыдысқа қолын сілкіп және асты қолына алғанда басын ортақ ыдысқа еңкейтіп жемейді (өйткені ауызынан ортақ ыдысқа бір нәрсе түсіп кетуі мүмкін), ал егер ауызындағы нәрсе дастарқанға түсіп кетсе, жүзін астан бұрып сол қолымен ала салады.

Майлы тамақты сіркеге салмайды және сіркені майлы тамаққа құймайды (басқа адамдар оны жемеуі мүмкін) және тіспен бөлген асты кейін ортақ ыдысқа қайта қоймайды.

Қонақ дастарқаннан қалған асты алып кетуі рұқсат емес, мұны (қалған асты қонақтың алып кетуін) «ас-суфия әз-зәллә» (яғни, қонақтықта жасалатын қателік) деп атайды, тек үй иесінің рұқсатымен ғана алса болады.

Дастарқанда отырғанда алдына қарап (жалпы басқа үйде көзді төмен түсіріп жүрген жөн), жан-жаққа жалтақтап қарамаған жөн және асты кішкентай бөліктен алып (яғни ауызын толтырып алмай), жақсылап шайнаған жөн және басты көтермей, ауызды қатты ашпаған жөн және (ластану себепті) қолымен үстін немесе киімін ұстамағаны жөн және егер түшкірсе немесе есінесе, онда жүзін адамдардан бұрып немесе алақанымен ауызын жапқаны жөн.

Дастарқаннан сол үйдің мысығын тамақтандырса болады, бірақ итті емес, сол үйдің иті болсадағы, және қайыр сұрап келген және қажетін сұрап келген адамға дастарқандағы астан (үй иесінің рұқсатынсыз) беруге болмайды және шақырылған жерге шақырушының рұқсатынсыз қасына біреуді ертіп баруына болмайды. Егер дастарқанда отырған адамға дастарқаннан ас берілсе немесе екінші дастарқанға ас берсе және сол ас бірінші дастарқанда болса, онда асты бастай беруге болады, ал егер бірінші дастарқанда жоқ ас болса, онда бастамайды (өйткені дастарқан әлі толық дайын болмауы мүмкін).

Өткен ізгілер қонақ үй иесіне машақат беруін жек көрді, өйткені бұл үй иесін ықыластан және қонақтың келуіне деген қуаныштың шынайлығынан айырады (яғни, қонақ үшін қарызға батқан үй иесінде қонақтың келуінен қандай қуаныш болсын, бәлки қайғы болар).

Үй иесі дастарқандағы қонақтарға «қысылмай ас жеп отырыңыздар» деп айтып отыру және қонақтарға ас салып отыруы, үй иесінің жақын туыстары да ас алып отыруына кедергі болмауы, қонаққа мінезі ауыр адамдарды шақырмауы мустахаб, өйткені мінезі ауыр адам дастарқанның мазасын алады және дастарқанға қызмет етіп жүрген қызметшілерге қонақтардың көзінше ашуланбаған жөн, өйткені қонақтарға ыңғайсыз болады және үй иесі қонақ себепті өз жан-ұясына сарандық танытпауы керек және қонақтарға үй иесі өзі қызмет етуі мустахаб және оның қонақ қылу мақсаты мақтаншақтық пен менменсу емес, сүннетті тірілту болу керек.

Асты жеткілікті деңгейде ұсынғаны жөн, өйткені егер асты өте аз ұсынса, онда бұл еркектікке қайшы нәрсе (яғни, сарандықтың белгісі), ал егер өте көп әкелсе, онда бұл жасаншылық. Ал егер адамдар көп келіп, сосын сол адамдардан қалған тамақ арқылы тәбәррук жасауды мақсат етсе, онда рұқсат. Өйткені қонақтағы астан сұралмайды деп келеді.

Және қонақтар қандайда бір асты толық жеп, тоқтағанға дейін әлгі тамақты дастарқаннан алып тастамағаны жөн және үйдің иесі асты бірінші болып емес, ең соңғы болып жеп болғаны жөн және егер қонақтар асты жеп болғаннан кейін тұруға рұқсат сұраса, онда үй иесі оларға кедергі болмаған жөн, өйткені қонақтарға қандай-да бір қиындық туғызуы мүмкін (кеш болып қалады немесе тағы баратын жерлері бар деген секілді). Және үйдің иесі қонақтарды шығарып салғанда олармен бірге есіктің алдына дейін баруы сүннет және бұл қонақтараға деген құрметтен болады.

Қонаққа құрмет көрсетудің кәмілі: шаттық жүз, жақсы әңгіме, жаман адамдармен бірге тамақтанбау, білімді және тақуа адамдармен бірге тамақтану, өйткені бұл адамға даналық береді. Пайғамбар ﷺайтты: «Мүмін адаммен ғана серіктес бол және тағамыңды тек тақуа адам ғана жесін», өйткені күнәкарды тамақтандыру оның ары қарай күнә жасауына жәрдемдесу.

Аллаһу Тағалаға бойсұнуға жәрдем беретін адамдарды тамақтандыру мустахаб, егер тамақтандырып жатқан адамын қандай адам екені белгісіз болса, онда ол туралы жақсы ойда болып тамақтандыруда әбестік жоқ, өйткені адам туралы жаман ой мен күмән есепке алынбайды, әсіресе егер сен тамақтандырып жатқан адамды басқа бір пасық адам жаман адам десе.

Фақиһ, шейх Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафи, «әд-Дурару әл-Мубаха», 47-51 бет.