August 3

﴾Сонда Перғауын Һаманға: «Әй, Һаман! Маған арнап, көкпен таласқан зәулім мұнара салғыз! Бәлкім, сол арқылы көктегі жолдарға жетермін»﴿ «Ғафир», 36-37 аят.

﴾Сонда Перғауын Һаманға: «Әй, Һаман! Маған арнап, көкпен таласқан зәулім мұнара салғыз! Бәлкім, сол арқылы көктегі жолдарға жетермін». «Күллі аспан әлемін сүзіп шығуға болатын жолдарға жетермін. Кім біледі, бәлкім Мұсаның құдайын да көрермін. Анығында, мен оның өтірікші кәззәп екендігіне кәмілмін», – деп Мұсаны мазақ қылды. Міне, осылайша Перғауынның жаман істері өзіне (әзәзіл шайтанның қолымен) безендіріліп көрсетілді. Сөйтіп, ол тура жолдан мүлдем тайдырылды. Нәтижеде, Перғауынның бұл тұзағы да зая кетті﴿. «Ғафир», 36-37 аят.

Әйгілі Құран тәпсірші Имам әл-Қуртуби әл-Мәлики өзінің әйгілі «әл-Джәмиғу ли-Әхкәми әл-Қуран» (18\358) тәпсірінде аяттың мағынасында айтты:

Алла Тағала былай деді: ﴾Сонда Перғауын Һаманға: «Әй, Һаман! Маған арнап, көкпен таласқан зәулім мұнара салғыз!»﴿, – деді. Перғауынның әулетінен шыққан бір мүмін Муса пайғамбардың айтқанын айтқанда (яғни, растағанда), Перғауын бұл сөздер адамдардың жүрегінде орын алуынан қорықты немесе (мұнара салдыру арқылы) Мұсаның таухидпен келгенін сынаймын деп ойлады. Егер оған Мусаның айтқаны дұрыс екені белгілі болса, мұны халықтан жасырмайды (әрине, бұл перғауынның кезекті өтіріктерінен еді), ал егер дұрыс болмаса, онда бұл халықты өз діндерінде берік етеді. Сондықтан ол өзінің уәзірі Хаманға мұнара салуды бұйырды. Бұл туралы бұрын «әл-Қасас» сүресінде айтылған болатын.

﴾«Бәлкім, сол арқылы көктегі жолдарға жетермін»﴿: Қатада, әз-Зуһри, әс-Судди және әл-Ахфаш бойынша «көктегі жолдар» деген оның қақпалары.

Әбу Салих: «Аспан жолдары – оның бедеуі», деді. Сондай-ақ: «Аспанды ұстап тұрған істер» деп те айтылды. Аллаһу Тағала аятта мұның маңыздылығын атап көрсету үшін «аспанның жолдары» деген сөзді қайталады, өйткені бірдеңені екіұшты етіп, кейін нақтылағанда оның маңыздылығын атап көрсетеді. Дұрысын Аллаһ біледі.

﴾Кім біледі, бәлкім Мұсаның құдайын да көрермін﴿: Ол Аллаһу Тағалаға елеусіз қалған адамның көзімен қарады. Перғауын Аллаһу Тағаланы мекендегі бір дене деп елестетті. Перғауын өзін құдаймын деп алға тартты және ол құдайлықты шарапатты бір мекенде отыру арқылы қол жеткізіледі деп есептеді».