May 25

«Кімде-кім дүниені жақсы көрсе, оның ақыретіне зиянын тигізеді...»

Хазіретті Әбу Муса риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Кімде-кім дүниені жақсы көрсе, оның ақыретіне зиянын тигізеді, ал кімде-кім ақыретті жақсы көрсе, оның дүниелік өміріне зиянын тигізеді. Ендеше, жойылатыннан гөрі мәңгі бақи қалатын нәрсені ​​таңдаңдар»». Хадисті Ахмад және «Шуғабу әл-Иман» кітабында әл-Байһақи риуят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5179) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Кімде-кім дүниені жақсы көрсе) яғни, Раббысынан артық жақсы көрсе, ( оның ақыретіне зиянын тигізеді) яғни, ақыретте оның дәрежесі төмендейді. Өйткені оның ішкі дүниесі мен денесі дүниемен шұғылданумен болады, сондықтан оның ақырет істеріне және Аллаһқа мойынсұнуға уақыты болмайды, (ал кімде-кім ақыретті жақсы көрсе, оның дүниелік өміріне зиянын тигізеді») яғни, маңызды болған ақыреттің істерімен айналысып, оның бар жан дүниесі мына дүниеге бағытталмағандықтан. (Ендеше, жойылатыннан гөрі мәңгі бақи қалатын нәрсені) ақиқатанда ақылды адам тез бұзылатын алтыннан гөрі ұзаққа созылатын фарфорды таңдар еді, басқаша қалай? Сол себепті әл-Ғазали, Аллаһ оны рақымына алсын, былай деген: «Білімнің ең төмені, дәлірек айтсақ, иманның ең төмені, дәлірек айтсақ, ақылдың ең азы – оның иесі үшін бұл дүниенің өткінші және ақыреттің мәңгі екенін білуі. Бұл білімнің нәтижесі – адам өткіншіден бет бұрып, мәңгілікке бет алу. Белгіленген уақыттан бұрын ақыретке бет алып, дүниеден бет бұрудың және өлімге дайындалу бұл дүниеден бет бұрудың белгісі болып табылады». Әт-Тыйби, Аллаһ оны рақымына алсын, былай деді: «Яғни, дүние мен ақыретті жақсы көру таразының екі табасы сияқты. Бір табаның салмағы ауыр болса, екіншісі жеңілірек болады және керісінше. Өйткені дүниеге махаббат оның дүниемен айналысып, оған бар жанымен кіріп кетуіне себеп болады, ал бұл оның ақыреттен алшақтап, зікір етуден, пікір жүргізуден, мойынсұнудан ада болып, сол арқылы ақыреттегі дәреже мен сауабына жетуден құр қалады. Бұған тағы ақша табуда қиындықты, жинаған дүниесін сақтау мен күншілдерге тойтарыс берудегі қайғы, қорқыныш, мұң, уайымды қосыңыз, (​​таңдаңдар) ​​Пайғамбар ﷺ былай деп айтқан сияқты ғой: «Егер дүние мен ақыреттің бірігуі мүмкін емес екі қарама-қарсы нәрсе екенін білсеңдер, онда ақыретті таңдаңдар». Сондықтан Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Сендердің бұл дүниеде ең көп аш болғандарың ақыретте ең тойғаны болады және бұл дүниеде ең көп киінгендерің ақыретте жалаңаш болады».  (Хадисті Ахмад) сенімді жолмен риауят етті (және «Шуғабу әл-Иман» кітабында әл-Байһақи риуят етті) және әл-Хаким өзінің «әл-Мустадрак» жинағында келтірді. Әл-Хатиб «әл-Джәмиғ» кітабында, хазіретті Әнәстан риуаят еткен хадисте: «Сендердің ең жақсыларың – дүниелік өмірі үшін ақырет өмірін, ақырет өмірі үшін де дүниелік өмірін тастамайтын және адамдарға ауыртпалық түсірмейтін адам»».