«Әйелді күйеуіне, құлды қожайынына қарсы қойған адам бізден емес»
Хазіретті Әбу Һурайра жеткізген хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Әйелді күйеуіне, күңді қожайынына қарсы қойған адам бізден емес». Хадисті Әбу Дәуіт жеткізді.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3262) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«Әйелінің құзырында күйеуінің кемшілігін айту немесе әйелдің құзырында бөтен еркектің жақсы қасиеттерін айту арқылы («Әйелді күйеуіне), арандату арқылы (құлды қожайынына қарсы қойған адам) әйелін күйеуіне, құлды өз қожайынына қарсы қоюдың қандай түрі болмасын (яғни, араларын суытуға апаратын кез-келген нәрсе) (бізден емес») яғни, бізге ілесуші емес. (Хадисті Әбу Дәуіт жеткізді) және әл-Хаким риуаят етті. Ахмад, ибн Маджа өзінің «Сахихында» және әл-Хаким «әл-Мустадрак» жинағында Бурайдадан: «Аманатқа қиянат қылған адам және әйелді күйеуіне, құлды қожайынына қарсы қойған адам бізден емес»».