April 29

«Адамдардың ең жақсысы – менің заманым, сосын одан кейінгілері, сосын одан кейінгілері...»

Бізге Уасил ибн Абдул-Әғлә, ол Мухаммад ибн Фудаилден, ол әл-Әғмаштан, ол Әли ибн Мудриктен, ол Һиләл ибн Иәсәфтан, ол Имран ибн Хусайннің былай деп айтқанын жеткізді: «Аллаһ Елшісінің ﷺ былай деп айтқанын естідім: «Адамдардың ең жақсысы – менің заманым, сосын одан кейінгілері, сосын одан кейінгілері. Сосын олардан кейін семіретін, семіздікті жақсы көретін және олар куәлік беруге сұралғанға дейін куәлік беруге асығатын адамдар келеді»».

Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (7\662) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«Үшінші ғасыр жақсы деп куәлік берілген ғасырлардың бірі, ал ең ұлы әрі адамдарға үлгі болған Имам Әбу Ханифа ән-Нуғман үшінші ғасырда өмір сүрген және Аллаһ Елшісі ﷺ ең жақсы және ең ізгі деп куәлік еткен адамдардан. Пайғамбар ﷺ айтты: «Ең жақсы ғасыр менің ғасырым, сосын одан кейін, сосын одан кейінгі, сосын өтірік тарайды». «Қуррату ғуиун әл-ахиар ли-тәкмилат Раддул Мухтар әлә әд-дурр әл-Мухтар» (7/496) кітабында келгендей, дәл осылай біздің ханафилерде айтады: «(Кейінгі ғалымдар) адамдардың жағдайы өзгерген, сатқындық пен өтірік кең тараған төртінші ғасырда өмір сүрген. Ал Әбу Ханифа Аллаһ Елшісі ﷺ жақсылық пен ізгілікте куәлік еткен үшінші ғасырда өмір сүрген адамдардың қатарынан. Пайғамбар ﷺ айтты: «Ғасырлардың ең жақсысы – менің ғасырым, сосын олардан кейінгілер, сосын олардан кейінгілер, содан кейін өтірік кең таралады, тіпті адамдар анттары куәліктен бұрын (яғни, одан ешкім талап етпесе де көп ант ішетін) және куәліктері антынан бұрын болатын (яғни, өтірік куәлік ететін) адамдар келеді».