«Мүмин үшін тақуалықтан кейінгі ең қайырлы нәрсе салиқалы әйел...»
Әбe Умамиден риуаят етілген хадисте Хазіреті Пайғамбар ﷺ былай деген: «Мүмин үшін тақуалықтан кейінгі ең қайырлы нәрсе салиқалы әйел: егер бұйырса тыңдайды; оған караған сәтте қуантады; егер күйеуі оған бір нәрсені істе деп айтса, ол оны істейді; күйеуі ұзаққа кетер болса, өзінің ар-намысы мен күйеуінің мал-мүлкін сақтайды». Хадисті Ибн Маджа риуаят етті.Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3095) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Мүмин үшін тақуалықтан кейінгі ең қайырлы нәрсе) бұйрықтарды орындайтын және тыйымдардан аулақ болатын (салиқалы әйел: егер бұйырса тыңдайды) бірақ күнәда емес. Ахмад риуаят еткендей: «Жаратушыға қарсы келетін нәрседе жаратылысқа мойынсұну жоқ»; (оған қараған сәтте қуантады) «Әйел өзінің сұлулығымен (яғни, күйеуіне арналып сұлулануымен), нәзік қимыл-қозғалысымен, жақсы мінез-құлқымен және төсекте күйеуіне разылық сыйлауымен қуантады».