August 21

«Олар – сенің жәннәтің және тозағың».

Әбу Умама, Аллаһ одан разы болсын, риуаят еткен хадисте айтты: «Бір адам Аллаһ Елшісінен: — Уа, Аллаһтың Елшісі, ата-ананың баласы алдындағы ақысы қандай? — деп сұрады. Пайғамбар ﷺ: — Олар – сенің жәннәтің және тозағың, – деп жауап берді». Хадисті Ибн Мәжа риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4941) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Әбу Умама) яғни, Әбу Умама әл-Бәһили (Аллаһ одан разы болсын, риуаят еткен хадисте айтты: «Бір адам Аллаһ Елшісінен: — Уа, Аллаһтың Елшісі, ата-ананың баласы алдындағы ақысы қандай? — деп сұрады. Пайғамбар ﷺ: — Олар – сенің жәннәтің және тозағың, – деп жауап берді») яғни, ата-ана — баланың жәннатқа немесе тозаққа кіруіне себеп болатын нәрсе. Мағынасы: Баланың ата-ана алдындағы борышы – олардың разылығын алу. Олардың разылығы – жәннатқа кіруге себеп, ал оларға қарсы келу – тозаққа кіруге себеп. (Ата-ана алдыңдағы міндет) тек бір ғана нәрсемен шектелмейді (бәлки ол көптеген міндеттерді қамтиды: құрметтеу, бағыну, жақсы қарау және т.б.), бұл сұрақтың мазмұнынан да аңғарылады. Пайғамбардың ﷺ жауабы сұраққа сай әрі астарлы түрде өте терең ескерту сипатында айтылды.

Ат-Тыйби айтты: «Бұл жауап даналыққа негізделген жауап беру тәсілімен айтылған (яғни, тек бір нәрсе ғана жайлы сұраса, одан маңыздырақ нәрсеге ескерту арқылы жауап қайтару). Яғни, ата-ананың ақысы – оларға жақсылық жасау мен құрмет көрсету және оларға қарсы келуден тыйылу. Бұлар, уәде еткендей, жәннатқа апаратын амалдар. Ал керісінше оларға жақсылық жасамау әрі оларға қарсы келу – бұл тозаққа апаратын амалдар. Міне, көріп тұрғаныңдай, Пайғамбарымыз ﷺ өте қысқа әрі терең мағыналы түрде жауап берген. «Олар – сенің жәннәтің және тозағың» деген сөз жалпы түрде айтылған. Өйткені сұрақ жалпы қойылған. Сол себепті, бұл жауап ең бірінші кезекте сұраушының өзіне де қатысты»».