﴾Содан соң көкке «истәуә» етті﴿
Имам Әбу әл-Ләйс Наср ибн Мухаммад әс-Самарқанди әл-Ханафи әл-Матуриди¹, Аллаһ оны рақымына алсын, [373 һижра ж.қ.] өзінің әйгілі «Тәфсир әс-Самарқанди» (1\106-107) кітабында: ﴾Ол – жердегі (яғни, жердің асты-үстіндегі) бүкіл нәрсені сендер үшін жаратты. Содан соң көкке «истәуә» етті, оны жеті қабат аспан етіп мінсіз жүйеге келтірді. Ол – барлық нәрсені толықтай білуші﴿ («әл-Бақара», 29 аят) аятының тәпсірінде айтты:
«Аллаһу Тағаланың: ﴾Ол – жердегі (яғни, жердің асты-үстіндегі) бүкіл нәрсені сендер үшін жаратты﴿ деген сөзі: Жаратылысқа белгілі бір өлшем\уақыт\жүйе тағайындағаның көрсетеді, өйткені жер бетіндегі жануарлар мен басқа да жемістер уақыт өте келе жаратылған, барлығы жер жаратылған бойды жаратылған жоқ.
Аллаһу Тағаланың: ﴾Содан соң көкке «истәуә» етті﴿. Бұл аят адамдарға қиындық туындырған аяттардың бірі. Бұл аятқа және соған ұқсас аяттарға қатысты үш көзқарасы бар: Кейбіреулері: «Оны оқимыз және оған иман келтіреміз, бірақ түсіндірмейміз», – деді. Бұл Мәлик ибн Әнәстан, Аллаһ оны рақымына алсын, риуаят еткендей. Бір кісі одан: ﴾Рахман Аршыға истәуә етті﴿ («Та-Ха», 5 аят] сөзі туралы сұрайды, Мәлик: «Истәуә белгісіз нәрсе емес, оның кейіпі ақылға қонымсыз, оған иман келтіру – парыз, ал ол туралы сұрау – бидғат. Мен сенің тек бидғатшы екенінді көріп тұрмын», деп әлгі кісіні қуып жіберді. Бұл кісі Джәһм ибн Сафуан болды. Кейбіреулері: «Оны оқимыз және тілдік сыртқы мағынаға сай түсіндіреміз», - деді. Бұл мушаббиһтердің көзқарасы. Бұл аяттың тәпсірінде екі көзқарас бар:
1. ﴾Содан соң көкке «истәуә» етті﴿ яғни, сосын қалауын\құдіретін көкке бағыттады. Бұл Оның: («Бол» деген әмір) сөзі.
2. Тағы бір түсіндірмесі – ﴾Содан соң көкке «истәуә» етті﴿, яғни көкті жаратуға бағытталды. Егер: «Аллаһу Тағала басқа бір аятта: ﴾Сендерді жарату қиын ба, жоқ әлде, аспан әлемін бе?! Аллаһ аспанды (тіреусіз) биік күмбез етіп көтерді... Содан кейін жерді (тұрақтап, тіршілік етуге қолайлы етіп) жайды﴿ («ән-Нәзиғәт», 27, 28, 30 аят). Мына аяттарда жер көктен кейін жаратылғанын айтты, ал «Бақара» сүресінің 29 аятында жердің көктен бұрын жаратылғанын айтты» деп сұраса. Бұған жауап: «Ол жерді көктен бұрын жаратты, ол Қағбаның орнындағы қызыл төбе. Сосын көкті жаратты, көкті жаратқаннан кейін жерді жайды. Міне, Аллаһу Тағаланың: ﴾Содан кейін жерді (тұрақтап, тіршілік етуге қолайлы етіп) жайды﴿, - дегені».
¹«Имам, фақиһ, мухаддис, зәһид Әбу әл-Ләйс Наср Мухаммад ибн Ибраһим әс-Самарқанди әл-Ханафи. «Тәнбиһу әл-Ғафилин» және «әл-Фәтәуә» кітаптарының авторы...» (имам әз-Зәһәби, «Сияр әғләм ән-Нубәлә», 16\323).