«Бір фақиһ – шайтанға мың құлшылық етушіден де ауыр».
Ибн Аббас (Аллаһ олардан разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Бір фақиһ – шайтанға мың құлшылық етушіден де ауыр». Хадисті әт-Тирмизи мен Ибн Мәжа риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 217) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Бір фақиһ) яғни, оның тірі болуы, өмір сүруі (шайтанға) өйткені фақиһ шайтанның азғыруын қабылдамайды, әрі адамдарды жақсылыққа шақырады, ал шайтан оларды жамандыққа шақырады (мың) бұл жердегі «мың» сөзі көптік мағында (құлшылық етушіден де ауыр»). Себебі шайтан әр кезде адамдарға түрлі әуестердің (қалаулардың) есігін ашып, нәпсіқұмарлықтарды әсемдеп көрсетеді. Ал фақиһ — шайтанның айласы мен тұзақтарын білетін адам — рухани жолға түскен шәкіртке сол есіктерді қалай жабу керектігін көрсетіп, шайтанды үнемі ұтылысқа түсіреді.
Ал қарапайым құлшылық етуші көп жағдайда тек ғибадатпен айналысып жүріп, шайтаның тұзағына түсіп қалғанын да байқамай қалуы мүмкін. (Хадисті әт-Тирмизи мен Ибн Мәжа риуаят етті).
Рабиғ айтты: «“Шайтанға бір фақиһ мың құлшылық етушіден де ауыр тиеді”» деген хадисті әл-Бәйһақи «әш-Шуғаб» атты еңбегінде, әрі ат-Табаррани «әл-Аусатта» және басқа имамдар Әбу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) марфуғ түрде риуаят еткен.
Ат-Табаррани былай деген: «Оның иснады әлсіз, алайда оған өзге ұқсас риуаяттар бар, олардың да иснадтары әлсіз». Бірақ бұл риуаяттың жолдарының көптігі оны әлсіздіктен шығарады, әсіресе ол әт-Тирмизи мен Ибн Мәджа Ибн Аббастан (Аллаһ олардан разы болсын) келтірген риуаятпен күшейтілгенін ескерсек».