June 25

Хадис қандай адамдардан қабыл етіледі?

Шейх (Мустафа Әбу Суләйман ән-Нәдуи атымен танымал) Абдул-Кәрим Сәийд әл-Бәдәуий өзінің «Нузһати ән-Назар¹ би-шархи Тахияту ли-әһли әл-Әсәр» кітабында айтты:

«(Тақуалық пен парасаттылық/ианабаттылық қасиетке ие болған адамнан): Парасаттылық/ианабаттылық деген - өзінің киімі, жүрісі, қимыл-қозғалысы, тыныштық және басқа да барлық (ізгі) сипаттарында замандастарының жақсы/ізгі әдеп-ғұрпында болу (яғни, өз заманыңдағы тақуалардың жолын ұстану).

(Тақуалық деген сөз) бұл жерде хадис ғұламаларының риуаят тарауында айтылғаны бойынша Аллаһу Тағалаға (серік қосу немесе) парызға немқұрайлылықпен қарау, тыйым салынған үлкен күнәларды істеу немесе тыйым салынған кіші күнәларда табандылық таныту секілді (пасық істерден немесе) күпірлік немесе күпірлік болып табылмайтын бидғатқа шақыратын (бидғаттан аулақ болу). Бұл туралы егжей-тегжейлі түсініктеме кейінірек болады».

¹«Нузһати ән-Назар» - хадис ілімінде мүміндердің әмірі болған хафиз ибн Хаджар әл-Әсқаләни әш-Шәфиғи әл-Әшғаридің хадис терминологиясына қатысты жазған кітабы.

Сондықтан уаһаби немесе тағы сол секілді бидғат иелері жеткізген хадистер мұқият зерттелгеннен кейін ғана қабыл етіледі.