September 24

«Менің тірі болуым сендер үшін қайырлы... Менің қайтыс болуым да сендер үшін қайырлы...»

Пайғамбар ﷺ айтты: «Менің тірі болуым сендер үшін қайырлы: сендер (менімен) сөйлесесіңдер, мен де сендермен сөйлесемін. Менің қайтыс болуым да сендер үшін қайырлы: сендердің амалдарың маған ұсынылады: жақсы амалдарыңды көрсем, Аллаһқа мадақ айтамын, ал жаман амалдарыңды көрсем, сендер үшін Аллаһтан кешірім тілеймін». Хадисті ибн Сағд Бәкір ибн Абдуллаһтан мурсал түрде келтірген.

Имам әл-Мунауй өзінің «Файду әл-Қадир шарх әл-Джәмиғу ас-Сағир» (3771-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Менің тірі болуым сендер үшін қайырлы: сендер (менімен) сөйлесесіңдер, мен де сендермен сөйлесемін. Менің қайтыс болуым да сендер үшін қайырлы: сендердің амалдарың маған ұсынылады: жақсы амалдарыңды көрсем, Аллаһқа мадақ айтамын, ал жаман амалдарыңды көрсем, сендер үшін Аллаһтан кешірім тілеймін») — яғни: сендердің кіші күнәларыңның кешірілуін, ал үлкен күнәларға қатысты жазаларының жеңілдетілуін Аллаһтан тілеймін деген сөз. Пайғамбардың ﷺ өмірден кетуінің игілік ретінде мына нәрселер аталады:

    1. Пайғамбарға ﷺ салауат айтқан адамдардың салауатын періштелер жеткізеді.
    2. Оның бір уақытта үмбеттің шексіз істеріне көңіл бөлуі — бұл тірі кезінде (физикалық тұрғыда) мүмкін болмаған.
    3. Оның ﷺ қайтыс болуы – үмбет үшін үлкен сынақ болғанымен, осы қасіретті көтеру арқылы үмбетке сауап жазылады.
    4. Оның ﷺ қайтыс болуы – басқа бүкіл қиыншылықтардың жеңілдеуіне себеп, себебі бұл бүкіл үмбет үшін ең үлкен қайғы
    5. (Пайғамбардың ﷺ дүниеден озуымен) мәзһаб имамдарының пікір алуандығынан туындаған үмбетке берілген кеңшілік (яғни, рақым) және оны (Пайғамбарды ﷺ) құрметтеуде болған аса қатаң талаптардың жеңілдеуі.

Хадисті (ибн Сағд) «ат-Табақат» кітабында (Бәкір ибн Абдуллаһтан) әл-Музәниден (мурсал түрде келтірген). Мұны ибн Аббас және басқадан жеткізген. Имам әз-Зәһәбидің айтуынша (Бәкір ибн Абдуллаһ) — сенімді имам.

Және хадисті ибн Масғудтан (Аллаһ одан разы болсын) әл-Бәззар риуаят еткен. Әл-Һайсами хадис тізбегін «Сахих» деген.

Өзін барлық мәселеде ижтиһад жасай алатын үлкен ғалыммын деп жүрген адамның осындай қателікке жол беруіне қайран қаламын!¹».

¹Бұл жерде автор жоғырыда келтірілген хадисті әлсіз деп мәлімдеген адам туралы айтып жатыр. «Өйткені бұл хадис басқа сенімді риуаят арқылы сахих түрде келіп тұр. Сонда өзін ижтиһад дәрежесіне жеттім деп жүрген адам қалайша бұны байқамай қалады? Не деген қателік!» — демекші.