ҒАЙБАТ АЙТУ РҰҚСАТ ЖӘНЕ МІНДЕТ БОЛҒАН ЖЕРЛЕР
Ғайбат айту рұқсат болған жерлер: үйлену, саяхатта немесе кәсіпте серіктес немесе көрші болу, аманатқа ақша беру және сол сияқты нәрселерде кеңес сұраған адамға насихат ретінде сұралған адамның өзі білетін кемшілігін айту рұқсат және халықты адамның бұзық ақидасынан сақтандыру мақсатында¹; жәбірленуші басшыға [немесе қазыға] залымның әділетсіздігі туралы шағымдану үшін; шешім шығару үшін²; егер адамдар арасында белгілі бір лақабымен танымал болса, онда тану мақсатында айту рұқсат, мысалы: ақсақ, соқыр, қисық немесе қыли деген сияқты.
Ғайбат айту міндет болған жерлер: риуаятшылар мен куәгерлердің ішіндегі әлсізін шығару мақсатында³; құл сатып алайын деп тұрған сатып алушыға құлдың ұры немесе зинақор екенін айту; сондай-ақ, егер сатып алушының сатушыға жалған ақша беріп жатқанын көрсе, ол: «Бұл адамнан сақ бол» және осыған ұқсас сөздер айту арқылы сақтандыру үшін.
¹Және халықты пасық адамнан сақтандыру мақсатында күнәні ашық жасайтын пасықтың күнәларын ашық айту рұқсат, бірақ күнәні жасырын жасайтын пасықтың күнәларын ашық айтуға болмайды.
²Мысалы: сотта жәбірленуші қазыға: «Пәленше адам залым, ол маған осындай жамандық жасады» деген секілді.
³Мысалы: «пәленше риуаятшының» немесе «пәленше куәгердің» есте сақтауы қабілеті өте нашар деген секілді кемшілігін айту.
Имам Әләуд-Дин ибн Мухаммад Әмин Әбидин әл-Ханафи, «әл-Һадийяту әл-Ғәләия», 459 бет.