Yesterday

Неге адамдар әулиелердің қабіріне үйір және оларды жиі зиярат етеді?

Мұның жауабы Ибн Тәймия мен Ибн әл-Джәузиде!

Ибн Тәймия – Аллаһу Тағала оны рақымына алсын – өзінің «Иқтида ас-Сират әл-Мустақим» (373 бет) кітабында айтты:

«Және сол сияқты пайғамбарлар мен әулиелердің қабірлерінде кездесетін караматтар мен әдеттен тыс нәрселер, мысалы, ол жерлерге нұр мен періштелердің түсуі, ол жерлерден шайтандар мен хайуандардың алыс болуы, оларға және қасындағы көрші қабірлерге қабір азабы болмауы, оларға көрші жатқан қабірдегілердің кейбіріне шапағат етуі, кейбір (ғалымдардың) олардың (әулиелер мен пайғамбарлардың) қасына көрші жерленуін жақсы көруі, сондай-ақ ол жерлерде жайдарлық пен тыныштық орнауы және бұл нәрселерді күлкі қылғандарға\менсінбегендерге Аллаһтың азабы түсетіндігі айтылады.

Пайғамбарлар мен әулиелердің қабірлерінде Аллаһтың құрметі мен мейірімі бар және бұл қабірлер Аллаһтың құзырында қасиетті! Бұл қабірлердің шарапаты көптеген адамдар ойлағаннан да жоғары, бірақ бұл оны егжей-тегжейлі айтатын орын емес!».

Мен айтамын: «Оның (ибн Тәймияның): «бұл нәрселерді күлкі қылғандарға\менсінбегендерге Аллаһтың азабы түсетіндігі» деген сөзіне қараңдаршы, ол жерлерді тек өздері өсіріп шығарған адамдардан басқа ешкім кемсітпейді (яғни, ибн Тәймия шәкірттері ғана кемістеді).

Егер біз жоғарыда айтылған қабірлердің шарапаты туралы айтылған сөзден Ибн Тәймияның атын алып тастап, мысалы, оның орына әш-Шағрани есімін қойсақ: онда (ибн Тәймияның еңбектерін оқып) өсіп шыққан бейшаралар: «Бұл үлкен ширк және оны айтқан адам қабірге табынушы қубурист-мушрик», - деп байбалам салар еді, ал енді сол сөзді Ибн Тәймия айтты дегенде олар не дейді екен?!

Сен білесің бе – ей, бейшара – біз неге әулиелердің қабірлерін жиі зират етеміз және олардың қабірлерінің басында ұзақ тұрамыз?

Өйткені ол қабірлердің басына нұр мен періштелер түседі, ол жерлерде жайдарлық пен тыныштық бар және ол жерлердің Аллаһтың құзырында қасиеттілігі мен құрметтілігі, сіздің шейхіңіз Ибн Тәймия айтқандай, көпшілік адамдар ойлағаннан да жоғары!

Егер біз қубурист болсақ (яғни, қабірге табынушы), онда сіздің шейхіңіз Ибн Тәймия қубуристердің шейхы болу керек еді ғой!

Бәлки, сәләфи ибн әл-Джәузидің төменде айтылатын анық сөзін қабылдаңыз!

Ол өзінің «Сайд әл-Хатир» (93 бет) кітабында – Аллаһу Тағала оны рақымына алсын – былай деген:

«Ауру себепті мазам қашып, өзімді емдей алмай, әулиелердің қабіріне барып демеу іздеп, сауығуым үшін тәуәссул жасадым. Раббымның мейірімі, жалғыздықты ұнатпасам да жалғыз қалдым және жүрегім маған қайта қайтып кемшілігімді көрсетті».

Мен: «Оны қиын жағдайдан не құтқарды? Ол айтқандай, әулиелердің қабірлеріне баруы және қабір иелері арқылы Аллаһқа дұға етуі (тәуәссул жасауы)! Аллаһу Тағала оған мейірімділік танытып, жек көрсе де, оны жалғыздыққа түсіріп, жүрегін түзетті және ол дұрыс деп ойлап жүрген қатесін көрсетті!

Ал мен – Аллаһқа ант етемін – уайым-қайғы жиналып, күнәлар маған ауыр тигенде, мен әулиелердің мақамына барамын. Аллаһ мені қуантады, кейін мен ол жерлерден тек амалсыздан ғана шығамын (яғни, шыққым келмейді)!

Әулиелердің мақамы ашық жерде, қаладан алыс болса, онда жеңілдеу де көбірек болды және жан тыныштығы да толық болды!

Мүмкін қара халықтың және басқалардың Пайғамбардың ﷺ ұрпақтарының мешіттері мен әулие-әмбиелердің жерлеріне магнитше тартылып, жиі зиярат жасаудың сыры осы болу керек. Ол жердегі жайлылық пен тыныштық және сол жерді зиярат еткендерге Аллаһтың мейірімі мен жарылқау және періштелердің түсуі. Сондықтан олар ол жерлерден кеткенде өздерін тыныштықа сезініп кетеді.

Жазған: шейх Мухаммад Ибраһим әл-Ғашмәуй

لماذا يأنس الناس بقبور الصالحين، ويكثرون من زيارتها؟!

الجواب عند ابن تيمية وابن الجوزي!

قال ابن تيمية - رحمه الله - في كتابه [اقتضاءُ الصراطِ المستقيم؛ مخالفةَ أصحابِ الجحيم] أثناءَ كلامٍ:

"وكذلك ما يُذكر من الكرامات، وخوارقِ العادات التي تُوجد عند قبور الأنبياء والصالحين، مثلَ نزولِ الأنوارِ والملائكةِ عندها، وتَوَقِّي الشياطينِ والبهائمِ لها، واندفاعِ النارِ عنها، وعمَّنْ جاورها، وشفاعةِ بعضِهم في جيرانه من الموتى، واستحبابِ الاندفانِ عند بعضهم، وحصولِ الأُنْسِ والسكينةِ عندها، ونزولِ العذابِ بمن استهان بها!!

فجنسُ هذا حقٌّ، ليس مما نحن فيه!

وما في قبور الأنبياء والصالحين من كرامة الله ورحمته، وما لها عند الله من الحرمة والكرامة؛ فوق ما يتوهمه أكثر الخلق، لكن ليس هذا موضع تفصيل ذلك!". انتهى بلفظه.

قلتُ: فانظر إلى قوله: "ونزول العذاب بمن استهان بها"، ولا يستهين بها سوى هؤلاء النابتة!

ولو نزعنا اسم ابن تيمية عن هذا الكلام، ووضعنا اسم الشعراني مثلًا؛ لقامت قيامة النابتة، ولقالوا: إنه شرك أكبر، ووصفوا قائله بأنه قبوريٌّ مشرك، فماذا يقولون إذن في ابن تيمية؟!

أعرفتم - أيها النابتة - لماذا نَأنس بقبور الصالحين، ونُكثر من زيارتها؟!

لِما عندها من تنزل الأنوار والملائكة، وحصول الأنس والسكينة عندها، بل إن ما لها من الحرمة والكرامة عند الله فوق ما يتوهمه أكثر الخلق، على حد تعبير شيخكم ابن تيمية!

فلو كنا قبوريين؛ لكان شيخُكم ابنُ تيميةَ شيخَ القبوريين!

بل خذ هذه العبارة الصريحة الواضحة لابن الجوزي السلفي!

قال - رحمه الله - في كتابه [صيد الخاطر]:

"كثر ضجيجي من مرضي، و عجزت عن طب نفسي، فلجأت إلى قبور الصالحين، وتوسلت في صلاحي، فاجتذبني لطف مولاي بي إلى الخلوة على كراهةٍ مني، وردَّ قلبي عليَّ بعد نفور مني، وأراني عيب ما كنت أوثره"!

قلت: فما أنقذه من سوء حاله؛ إلا لجوؤه إلى قبور الصالحين - على حد تعبيره - وتوسله إلى الله بأهلها، حتى لطف الله به، وأدخله الخلوة رغم كرهه لها، وأصلح له قلبه، وأراه عيب ما كان يظنه غنيمة له!

وأنا - واللهِ - ما اجتمعت عليَّ الهموم، وتثاقلت عليَّ الذنوب، فجلست في مقام من مقامات الصالحين؛ إلا فرَّج الله عني، وخرجت مجبور الخاطر!

وكلما كان المقام في الخلاء، بعيدا عن العمران؛ كان الفرج أعظم، والسرور أتم!

ولعل هذا سر تردد العوام وغيرهم كثيرا على مساجد آل بيت المصطفى صلى الله عليه وسلم وأولياء الله الصالحين، دون غيرها، من غير شعور منهم، وكأنهم ينجذبون إليها بمغناطيس؛ لما فيها من الأُنْس والراحة والسكينة والطمأنينة وتنزل الرحمات والبركات والملائكة على من حضرها، فينصرفون منها وقد شعروا بالأمان، ولله في خلقه شؤون!

بقلم: خادم الجناب النبوي الشريف

محمد إبراهيم العشماوي