Кәпір адамды мұсылманның жерлеуі
Шейхул-Ислам имам әл-Марғинани өзінің «әл-Һидая» (жаназа бабы) кітабында айтты: «Егер кәпір адам қайтыс болса және оның жалғыз туысы мұсылман болса (бұл егер жергілікті жерде оны жерлейтін қауымы болмаған жағдайда, ал егер қауымы болса, онда денесін соларға беріп, мұсылман туысы ары қарай олардың жерлеу рәсіміне араласпайды): оны жуындырады, кебіндейді және жерлейді. Хазіретті Әли, Аллаһ одан разы болсын, өзінің әкесі Әбу Тәліп қайтыс болғанда солай істеуге бұйырылды. Бірақ кәпір адамның мәйітін нәжіс киім секілді жуып, сүннет бойынша кебіндемей шүберекке жай орап, шұңқыр қазып - қабірі сүннет бойынша қазылмайды - денесін шұңқырға лақтыра салады».
Имам Бадруд-Дин әл-Ғаини «әл-Һидая» кітабына жазған «әл-Биная» кітабында толықтырып айтты:
«Ибн Саад «Әт-Табақат» кітабында Әлидің бұл хадисін келтірді: Мухаммад ибн Омар әл-Уақиди бізге былай деп хабарлады: «Маған Муғауия ибн Абдуллаһ ибн Убайдуллаһ ибн Әби Рафиғ әкесінен, ол Әлиден - Аллаһ оған разы болсын: «Мен Аллаһ Елшісіне ﷺ Әбу Тәліптің өлімі туралы хабар айтқанымда, ол жылап жіберді, сосын маған: «Барып, оны жуындырып, кебінде, сосын жерле» деді. Сосын бәрін істеп, Аллаһ Елшісіне ﷺ қайта келгенімде: «Бар да, ғұсыл ал» деді. Кейін Аллаһ Елшісіне ﷺ Жәбірейіл періште {Кәпір күйінде өліп, тозақтық екендігі анық белгілі болғаннан кейін, пайғамбар мен мүміндердің, тіпті жақын туысы болса да, өлген мүшріктер үшін Алладан кешірім тілеуі орынсыз} («әт-Тәубә», 113 бет) деген аятпен түспейінше бірнеше күн бойы Әбу Тәліп үшін кешірім сұрап үйінен шықпады».
«(Кәпір туысының мәйітін мұсылман туысы жуындырғанда) үстіне жай ғана су құяды, дәрет алғызбайды, оң жақтан бастамайды, үш-үштен жумайды және сүннетке сай үш матамен кебіндемей шүберекпен орай салады.Сүннетке сай қабір қазылмай, жай ғана шұңқыр қазады. Бұған екі мәселе байланған: (кәпірдің денесін) жай ғана шүберекпен орау және қабір ертінде шұңқыр қазу. Және денесін қабіріне қоймай, лақтыра салады. Және біз секілді имам әш-Шәфиғиде айтты».